Қоғам

Қазақстандық жұлдызды жұптардың махаббат хикаясы - фото

© AP Photo / Wong Maye-Eмахаббат
махаббат - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін Қозы-Көрпеш – Баян сұлу күні. Ғашықтар күні елімізде ресми түрде бекітілмесе де, 1999 жылдан бері жастар арасында тойланып келеді

АЛМАТЫ, 15 сәуір - Sputnik. 10 жылдық мерейлі датада қазақ сахнасында төбе көрсетіп жүрген жұлдызды жұптардың махаббат хикаясын Sputnik Қазақстан назарларыңызға ұсынады.

Димаштай феноменді тәрбиелеген Қанат пен Света

Өнерлі жұптың бірі - Қанат пен Света Айтбаевтар бүгіндері үш баланы тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы. Үлкен ұлы Димаш - әлемді мойындатқан ерекше дауыс иесі, халықаралық деңгейдегі мықты әнші.

Света Айтбаеваға Қанат ағамыз "Қыз сыны" байқауында көзі түсіп, жүрегін жаулаған сұлуды алғаш рет Ленин ескерткіші жанына кездесуге шақырған екен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Канат Айтбаев (@kanat_sveta_aitbayevtar)

"Қаламызда "Қыз сыны" байқауы болып мен ІІ-орын алдым. Сол кездегі әділқазылар ішінде Қанат та болыпты. Кейін мен облыстық байқауда І-орын алып кеттім. Ол сол кезде мені байқап, артынан танысып, дос болдық. Біз кеңес заманының соңғы жағын көрген адамдармыз ғой. Қанат алғаш рет мені кездесуге Лениннің ескерткіші жанына шақырды", - деген еді күйеуімен алғашқы таныстығы туралы сұраққа жауап берген Света Айтбаева бір телеарнаға берген сұқбатында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Канат Айтбаев (@kanat_sveta_aitbayevtar)

Ал Қанат ағамыздың өзі бір сұқбатында үйленген кездегі қызық оқиғаны былай еске алады:

"Құда жаққа барғанда концерттік киім киіп барғанмын. Қолымда домбыра. Ал күйеу жолдас болған жігіт қара кәстөм, ақ көйлек киіп шыттай боп алған. Содан көліктен түскенде үлкен апалар соны күйеу екен деп ойлап, құшақтап, маңдайынан сүйіп, тілек айтып жатты. Ал мен болсам жайыма қалғам. Содан тамағымды кенеп-кенеп жібердім де: "Апалар! Күйеу бала мына мен боламын" деп саңқ ете түстім", - дейді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Канат Айтбаев (@kanat_sveta_aitbayevtar)

Сонда ғана әлгі апаралымыз жаңылысқанын түсініп: "Ойбай, құрғыр, домбыра ұстап алғанға тойға өлең айтуға келген бала ма деп ойлап қалсақ, бері кел" деп Қанат ағамызды да құшағына алыпты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Канат Айтбаев (@kanat_sveta_aitbayevtar)

Тоқтардың "Борбиі"

Өнердегі танымал жұп - Тоқтар Серік пен Бейбіт Сейдуалиева 6-7 жыл жүріп барып, отасқан екен. Бүгіндері төрт бала өсіріп отырған жұлдыздар отбасы мұсылмандыққа бет бұрған. Отағасы да, отанасы да бес уақыт намазын қаза қылмауға тырысады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Токтар мен Бейбiт (@toktar_beibyt)

Тоқтар Серік өзінің өмірлік серігін алғаш рет "Нұр-Мұқасан" дуэтінің шығармашылық концертінде көріп, сонда оның дауысына тәнті боп, артынан дос болып араласқанын айтады. Сөйтіп 6-7 жыл бойына бірі "ағалап", бірі "қарындас" деп бір-біріне ізет көрсетіп, ілтипат танытқан.

"Бейбітті бір көргеннен-ақ ұнатып қалдым. Бірақ "ағалап" тұрған қызға сезіміңді білдіру қиын екен. Жаман қиналдым. Бір күні жақындасудың амалын таппай: "Сен Борбиге ұқсайсың" демеймін бе комплимент айтқым кеп. Ол болса, тоқтамастан күледі дейсің.

Құдай айтқыр, әлгі әдемі қуыршақтың есімі "Борби" емес, "Барби" екен ғой! Содан менің ойымды түсінді ол. Сол кезден бастап жақын араласа бастадық", - деп еске алады бір сұқбатында әнші алғашқы сезімін байқатқан кезін.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Токтар мен Бейбiт (@toktar_beibyt)

"Кино екен десем, Арман екен..."

Арман Қоңырбаев пен Аша Матай - бүгінгі шоу-бизнестегі жас отбасы. Арман Ашаға "Сынақ" бағдарламасына түсу кезінде ғашық боп, екеуінің арасында алғаш сезім пайда болады. Олар көп уақыт жасырын жүруге мәжбүр болған. Ақыры олар 2015 жылы шаңырақ көтерді. Жұлдызды жұптың бір баласы бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Арман Коныр (@armankonyr)

Ал Арманның Ашаға сөз салғаны, тіптен қызық. Киноға келген Аша экраннан Арман атып шығады деп еш ойламаса керек. Кино алдында 3-4 минуттық ролик көрсетіліп, онда Арман Ашаға өзінің сезімін білдіреді. Мұны тамашалаған Аша ғана емес, сол күні киноға келгендердің ешқайсысы ешқашан ұмыта қоймайды-ау. Өйткені экрандағы жігіттің жүрекжарды сөзі сондай шынайы әрі махаббатқа толы еді. 

"Біз бәрінен жасырын жүруге тырыстық. Жұмыста болсақ, бір-бірімізді танымайтын секілді кейіп таныттық. Қиын болды. Бірақ бәрін өзгертетін кез келді", - деп басталатын бұл ролик басынан-аяғына дейін көрермендерін өзімен жетелей береді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Арман Коныр (@armankonyr)

"Құрметті Боташа! Менің сезімім туралы тоқтамай, қанша түн жырлап айтуға болады. Әдемі өлең де оқып бере аламын. Бірақ соңғы сәтте мұның бәрін қоя тұрайыншы дедім. Бүгін шын жүректен сенімен бірге бүкіл өмірімді өткізгім келетінімді айтқым келеді. Саған тек бір сауалым бар: Маған тұрмысқа шығасың ба?", - дейді видеода Арман Ашамен осыған дейін болған бүкіл Алматының әдемі жерін көлігімен шарлап.

Одан соң өзі де шоқ гүлін алып, кинотеатрға кіріп келеді. Әбден толқыған Ашаның бұл кезде көзі жасқа толы еді. Бұл бақыттың көз жасы болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Арман Коныр (@armankonyr)

Жұлдыз Қайратты "сындырған"...

Қазақтың хитмен әншісі Қайрат Нұртас өзінің жарын, отбасын біраз уақыт жасырып келген. Оның жұбайы актриса дегеннен барлығы беймәлім еді. Соңғы кездері ғана Жұлдыз Әбдікәрімова киноға түсіп, ән салып, тіпті отандық бағдарламалардың да тізгінін ұстап, карьераға ден қойған. Олардың 4 баласы бар: екі ұл, екі қыз.

Екеуінің қалай танысқаны, жасырын өмір сүргені құпия болған. Сондықтан болар, Жұлдыздың инстаграм парақшасындағы екеуінің танысу туралы жазбасы оқылымы жағынан ең жоғары көрсеткіш жинаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кайрат Нуртас (@kair_n)

"2004 жыл… Күз… Жаңа оқу жылы… РЭЦК… Қайрат – вокал бөлімінде, ал мен – актер бөлімінде оқып жүрген кезіміз. Бір-бірімізді сырттай біліп жүргенімен, арнайы таныс болған емеспіз. Бір ай бойы көзбен ғана танысып, бір-бірімізді бақылап жүрдік...

Қазан айының шуақты күнінде, асxанада, түскі асқа келгенде Қайратты жоғарғы курстың бірі (өздерінің системасы бойынша) қасыққа жұмсағанын құлағым шалып қалды. Атып тұрдым да, Қайраттан бұрын қасық тұрған ыдысқа жетіп барып, қайта бұрылып: "Өзім апарып беремін" дедім де оған, жымиып кете бардым. Қайрекең сол арада "сылқ" ете түсті. Құдды үнді киносындағыдай болды. Алғашқы кездесуімізде ол сол кезде мені үнді актирсаларының біріне ұқсатқанын жасырмады. Таныстығымыз осылай басталып еді...", – деп жазды Жұлдыз. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)

Аиша үш рет бетін қайтарған Бүркіттің хикаясы 

Жұлдызды жұптың тағы бірі - Бүркіт пен Аиша. Бүгіндері олар үш бала тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы. Мың бұралған сұлу қызға әнші бір көргеннен ғашық болған. Бірақ қыз үш мәрте оның ұсынысынан бас тартыпты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Беркут (@berqut_qazaqstan)

Ақыры сұлу қанша жерден жолатпаса да, Бүркіт дегеніне жеткен. Ал Аиша оған неге қарамай қойғанын бір сұқбатында былай түсіндіреді:

"Ол кезде Бүркіттің жүріп жүрген қызы бар-тын. Содан қарамадым. Бірақ ол әйелі емес қой. Осылай деп те ойладым. Бір жағынан жас едім, тұрмысқа шыққым келмеген ол кезде. Ал ол болса, үйленейік деп қоймайды. Содан одан басымды ала қаштым. Тіпті, басқа жігітпен кездесіп жүрдім. Ондағы ойым, оның көңілін суыту еді. Бірақ ол оны сезіп қойған сияқты. Айтқанынан қайтпады. Ақыры мен оған келісімімді бердім. Оған ешқашан өкінген емеспін", - дейді Аиша.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Беркут (@berqut_qazaqstan)

Жаңалықтар
0