НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. Непал әуежайында ұшақ тікұшақпен соқтығысып, екі адам көз жұмды.
Қайғылы оқиға Непалдың шығысындағы Лукла қаласының маңында болған. Ұшақ ұшу-қону жолағында жақын жерде тұрған тікұшақпен соқтығысқан. Салдарынан ең кемі екі адам қаза тауып, тағы бесеуі зардап шекті, деп хабарлайды РИА Новости.
Билік өкілдерінің айтуынша, абырой болғанда апат кезінде ұшақта жолаушы болмаған.
Әуе кемелерінің неге соқтығысқаны хабарланбай отыр. Полиция тергеу жүргізуде.
Nepal. Three people were killed when a Summit Air airplane crashed while taking off from Lukla Airport on Sunday morning.https://t.co/3KoQ66DnCR pic.twitter.com/5reOhMlyUF
— PLANES OF LEGEND (@PlanesOfLegend) 14 апреля 2019 г.
Непалда әуежайды айнала қоршаған тауларға байланысты, тіпті, тәжірибелі ұшқыштар үшін де ұшу-қону жолағы ең қауіпті аймақ болып саналады.