НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (5-0, 2 КО) кәсіпқой рингте алтыншы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.
Отандасымыз Лос-Анджелесте (АҚШ, Калифорния штаты) "Русский" лақап атымен танымал мексикалық Кристиан Оливаспен (16-4, 13 КО) жұдырықтасты. Әлімханұлы төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Жәнібек кәсіпқой бокстағы алтыншы жеңісіне қол жеткізіп, WBO Global және WBC Continental Americas нұсқалары бойынша орта салмақтағы вакантты чемпиондық белбеулерін жеңіп алды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Әлімханұлы инстаграм желісінде Сауль Альварес, Дэниэл Джейкобс және Деметриус Андраденің суреттерін жариялап, "барлық белбеуді қайтарып алғысы келетінін" жазған еді.