Марсқа жіберетін робот құрастырған оқушы: бөгде ғаламшарға адам жіберу аса қауіпті

11-сынып оқушысы Әлихан Тәліпбаев өзінің жобасын таныстыру үстінде
11-сынып оқушысы Әлихан Тәліпбаев өзінің жобасын таныстыру үстінде - Sputnik Қазақстан
Жазылу
16 жасында робот құрастырған Әлихан Тәліпбаев жастарды өзгенің сөзіне емес, өзіне ғана сенуге шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір — Sputnik, Қарлыға Бүйенбай. Назарбаев атындағы Зияткерлік мектептің 11-сыныбында білім алып жатқан Әлихан Тәліпбаев жуырда ғарыш саласына қатысты жобалар таныстырылған конференцияда Марсты отарлауға арналған робот құрастырып, әділқазы алқаларын таңғалдырды. Жас ғалым Sputnik Қазақстан тілшісіне бұл идеяның қалай келгенін және оны болашақта қалай жүзеге асыратынын айтып берді. Мұнымен қатар, ол барша ғарышкерді төл мерекесімен құттықтап, жастарды әрдайым батыл болуға шақырды.

Әлихан Тәліпбаевтың отбасында төрт адам. Әкесі заң саласында, анасы бизнес саласында қызмет етеді. Өзінен кейін қарындасы бар. Бала күнінен әжесі тәрбиелегендіктен, ғарыш саласына деген қызығушылығының оянуына да әжесі әсер еткен. Ол барлығының 2 жасында әжесі алып берген компьютерден басталғанын айтады.

Жас ғалым Әлихан Тәліпбаев
Марсқа жіберетін робот құрастырған оқушы: бөгде ғаламшарға адам жіберу аса қауіпті - Sputnik Қазақстан
Жас ғалым Әлихан Тәліпбаев

Марсқа бірден адам жіберу - аса қауіпті

"Ғарыш саласына қызығушылығым ерте жастан бастап оянды. Әсіресе жаз мезгілінде осы салаға қатысты көп видео қарап, кітап оқимын. Бірде youtube желісінен Марсты отарлау тақырыбында видео көрдім. Көріп отырып шешілмеген бір мәселе барын байқадым. Мысалы, 2022 жылы бірінші адамды жіберіп, 2024 жылы парабола салуды жоспарлап отыр. Алайда бөгде ғаламшарға бірден адам жіберу – адамзат үшін аса қауіпті", - дейді Әлихан Тәліппаев.

Талғат Мұсабаевтың архивтегі суреті - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
Қазақтан шыққан ғарышкер Талғат Мұсабаев туралы не білеміз?
Осы орайда қазақстандық жас ғалым адамды алмастыратын робот құрастырып шығады: қолы, дөңгелегі және камерасы бар.  Бастапқыда бұл роботтың әр дене бөлігі өзге жобаларға тиесілі болған. Әлихан Тәліпбаев жобасының несімен тиімді екенін айтып берді.

"Біріншіден, бұл робот қаржы жағынан тиімді. Мысалы, Жерден Марсқа жету үшін 6 ай уақыт қажет. Сондай-ақ, ол жақтан қайту үшін де осыншама уақыт керек. Яғни бұл жалпы бір жарым жылға дейін ұласып кетуі мүмкін. Енді ғарыш кемесінде бес адам отыр делік. Оларға бір жылда 330 шаршы метр ауа, 5 тонна су қажет болады. Бұдан өзге бес адамға арналған зымыранның көлемі қандай болуы керектігі айтпаса да түсінікті", - дейді жас ғалым.

Әлихан өзі құрастырып шыққан роботқа тамақ, су және ауа қажет еместігін айтады. Сондай-ақ, бұл роботтың адамдар секілді толыққанды зерттеу жүргізіп, қажетті деректерді Жердегі ғалымдарға жіберетініне тоқталды.

Әлихан Тәліпбаев пен Талғат Мұсабаев
Марсқа жіберетін робот құрастырған оқушы: бөгде ғаламшарға адам жіберу аса қауіпті - Sputnik Қазақстан
Әлихан Тәліпбаев пен Талғат Мұсабаев

Оқушы жасаған роботтың қандай артықшылықтары бар?

"Адам баласы қандай жағдай болса да, 24 сағат бойы тоқтамай жұмыс істей алмайды. Ал бұл мен құрастырған роботтың қолынан келеді. Оған тек қуат болса болғаны. Оның үстіне Марстың бетінде жел жиі болады. Жылдамдығы секундына 20 метрге дейін барады. Осы жел күшінен робот өзіне қажетті қуатты алып отыратын болады. Сондай-ақ, оны еш кедергісіз қашықтықтан басқара аламыз", - дейді оқушы.

Әлихан құрастырып шыққан роботтың кішігірім моделін 10 метр қашықтықта тұрып басқаруға болады. Кез келген уақытта модульді ауыстырып, қашықтықты созу мүмкіндігі бар. Осы роботты жасап шығарған жағдайда ол Марсты камерасы арқылы суретке түсіріп, өзінің қайда жүргенін оңай анықтай алады. Бұдан өзге температура мен ауа қоюлығын зерттейтін қондырғылары бар.

Тағы оқыңыз: Тоқтар Әубәкіровтің шопыр болғанын білесіз бе?

Әлихан Тәліпбаев бұл роботтың 2015 жылы Германияда жүргізілген тәжірибе негізінде жасалғанын айтады. Тәжірибе жұмысы "Контр-2" деп аталған. Бірақ зерттеу барысында керісінше адам басқа ғаламшарда тұрып Жердегі роботты басқарған.

"Өзгенің сөзіне емес, өзіңізге ғана сеніңіз"

"Бастапқыда қазіргідей екеу емес, сегіз дөңгелек болды. Жақында жарыс басталуға екі апта қалған уақытта басқаша құрастырып шықтым. Егер роботты жасайтын болсақ, негізгі материал ретінде титан қолданылады. Ол біздің пайдалы қазбалар қорында көп мөлшерде кездеседі. Оның үстіне ол Марстағы температураға өте қолайлы. Екіншіден, бағасы да аса қымбат емес. Ал мен әзірге жәй ағаштан жасадым. NASA осы саланы жіті зерттеу үшін 20 жылдай уақыт жұмсады. Біз олармен бірігіп жұмыс істеген жағдайда осы деңгейге 7 жылда жете аламыз", - дейді жас ғалым.

Оқушы Әлихан Тәліпбаев құрастырған робот
Марсқа жіберетін робот құрастырған оқушы: бөгде ғаламшарға адам жіберу аса қауіпті - Sputnik Қазақстан
Оқушы Әлихан Тәліпбаев құрастырған робот

Ол роботты Жапония, Қытай және Корея секілді елдерде құрастыру барынша тиімді екенін атап өтті. Мұнымен қатар, ол роботты Марсқа жарамды етіп құрастырып шыққанда оны сатпақ ниетте. Десе де бүгінгі таңда арманына бір табан жақындай түскенін жоққа шығаратын азаматтар барын жасырмады. Осы орайда, ол барша ғарышкерді төл мерекесімен құттықтап, жастарды батыл болуға шақырды.

"Адамның күнделікті істеп жүргенінен өзгеше бір жобаны қолға алған кезде кедергілер де көбейе түседі. Көп адам "Қолыңнан келмейді. Босқа уақыт құртпа" деп артқа тартады. Осындай кезде ешкімді тыңдамауға кеңес беремін. Әрдайым батыл болыңыздар, өзгенің сөзіне емес, өзіңізге сеніңіз. Оның үстіне биыл жастар жылы болғандықтан, ойға алған жобаларды жүзеге асыруға уақыт келді деп ойлаймын", - дейді Әлихан Тәліпбаев.

Жас ғалым Әлихан Тәліпбаев құрастырған робот
Марсқа жіберетін робот құрастырған оқушы: бөгде ғаламшарға адам жіберу аса қауіпті - Sputnik Қазақстан
Жас ғалым Әлихан Тәліпбаев құрастырған робот

Бүгінде қазақстандық жас ғалымның басты арманы – Калифорния технологиялық университетінде білім алу. Әлихан Тәліпбаев алдағы уақытта осы арманын міндетті түрде мақсатқа айналдыратынын айтады. 

Жаңалықтар
0