Ғалым: парламентте ілініп тұрған латынша "Мәңгілік ел" сөзінде 5 қате бар - фото

© Sputnik / Владислав ВодневПарламент
Парламент - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тіл білімі институтының директоры мекеме атауларын латын әліпбиімен жазуға әлі ерте екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, профессор Ерден Қажыбек парламент үйінің мекенжай тақтайшасындағы "Мәңгілік ел" сөзінің латын қарпінде қате жазылғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Парламенттің жанында "Мәңгілік ел" деген сөз жазылған. Латын қарпінде жазылған сөзде 5 қате бар. Бірінші "а" әрпін дұрыс жазбаған. "І" әрпі нүктесіз тұр. Жалпы, 5 қате екі сөзде. Оны ертең жөндеу керек", - деді Ерден Қажыбек мәжілісте өткен "Рухани жаңғыру: қазіргі қазақ терминологиясы" атты ғылыми-практикалық конференцияда. 

© Sputnik / Дәурен ЕрболатПарламентте "Мәңгілік ел" сөзі латын әліпбиінде қате жазылған
Ғалым: парламентте ілініп тұрған латынша Мәңгілік ел сөзінде 5 қате бар - фото - Sputnik Қазақстан
Парламентте "Мәңгілік ел" сөзі латын әліпбиінде қате жазылған

Ғалымның айтуынша, қазіргі таңда ғалымдар латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің емле ережелерін талқылап жатыр екен. Сондықтан жазуларды латыншаға ауыстыруға асықпаған жөн. 

Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
"Қазақ тілі – қазақтың жаны" Тоқаев латын әліпбиіне қатысты ұстанымын ашық білдірді

"Ереже бекітілгенше асықпау керек. Үлкен орфографиялық сөздік шығып, ғалымдар бір пәтуаға келгені абзал. Олар халыққа бәрін жақсылап түсіндіргенше асықпауы шарт. Алдымен латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің ережесі бекітілуі керек", - деді ол.

Сондай-ақ, ғалымға "қарапайым тұрғындар латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінде жазып үйрене беруі керек пе?" деген сұрақ қойылды. 

"Емле ережелері бекітілмей, бірден жазу асығыстық болар еді. Сондықтан латын қарпінде жазу әлі ерте. Менің ойымша, тұрғындар бізге, яғни ғалымдарға, келіп, өз пікірін білдіріп, бізбен жұмыс істеуге мүмкіндік бар", - деді профессор.

Жаңалықтар
0