Саясат

Ресей Байқоңырды жалға алуды тоқтата ма – министрліктің жауабы

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуРакета ұшыру
Ракета ұшыру - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Байқоңыр қаласын жалға беруден кезең-кезеңмен шығу мәселесі қазақстандық тараптың күн тәртібінде тұр

НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Қазақстан мен Ресей Байқоңыр қаласын Қазақстанның құзыретіне беру мәселесін талқылап жатыр. Бұл туралы бүгін цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы Марат Нұрғожин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Серік Қожаниязов - Sputnik Қазақстан
Саясат
Тоқаев президенттің Байқоңырдағы арнаулы өкілін қызметінен босатты

Сенаторлар ракета ұшырылатын алаңдарды ғана Ресей үкіметіне жалға беруді қалдырып, Байқоңыр қаласын Қазақстанның құзыретіне беру керек екенін айтты. Осыған қатысты цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің пікірі қандай екенін сұрады.

"Бұл мәселе үкіметаралық комиссияның тұрақты бақылауында. Қаланы жалға беруден кезең-кезеңмен шығу мәселесі қазақстандық тараптың күн тәртібінде тұр. Қазір мемлекеттік органдар арасында мұқият талқылап жатырмыз", - деді Нұрғожин сенаттың жалпы отырысында.

Тағы оқыңыз: Байқоңырда әлемдік рекорд орнатылды

Ол Роскосмос басшылығымен бұл мәселе ауызша тәртіпте талқыланғанын атап өтті.

"Оңай шешіле салатын дүние емес, жан-жақты талқыға салып, артық-кем тұстарын қарастыруымыз керек", - деді Нұрғожин.

Айта кетсек, бүгін сенат мәжіліс мақұлдаған "1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан мен Ресей арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заңды қабылдады.

Жаңалықтар
0