Оқиға

Алматыдағы апат: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

© Sputnik / Анатолий Медведь / Медиабанкке өтуАурухана, архивтегі сурет
Аурухана, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дәрігерлер зардап шеккен төрт адамның жағдайы жайлы айтты

НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір – Sputnik. Алматының қақ ортасында болған жылу құбыры апатының салдарынан төрт адам зардап шекті. Олардың үшеуі ауруханада емделеді, деп хабарлады Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Зардап шегушілердің бәрі табанның бірінші және екінші дәрежедегі күйігін алған. Үш адам №3 және №4 қалалық ауруханада ем қабылдайтын болады. Ал біреуі емді үйінде жалғастырады.  

"Қазір науқастардың жағдайы тұрақты. Тиісті көмек көрсетілді", - деп хабарлады Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

Еске сала кетсек, апат 10 сәуір күні сағат 04.14-те Пушкин және Төле би көшелерінің қиылысында болды. Салдарынан көп қабатты үйдегі 7 пәтер мен 8 көлік бүлінді.

"Алматы жылу желілері" ЖШС мамандарының айтуынша, диаметрі жарты метрлік құбырдың жарылуына оның әбден ескіруі себеп болған. Құбырлар жиырма бес жыл бұрын салынған екен.

Алматы жылу желісі зардап шегушілердің шығыны нақтылана салысымен, оны төлеуге дайын екендіктерін де айтты.

Жаңалықтар
0