Саясат

Кезектен тыс сайлау: "Нұр Отанның" екі басты үміткері бар – саясаттанушы пікірі 

© Sputnik / Айгюзель КадирАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті лауазымына үміткерлер саяси партиялардың съезі өткен соң белгілі болады

НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір — Sputnik. "Нұр Отан" саяси партиясының президент сайлауына екі басты үміткері бар. Саясаттанушы Максим Казначеев Sputnik Қазақстанға осылай деп пікір білдірді.  

Сайлау, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
Президент сайлауына кім түсе алмайды?
Саясаттанушы кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы шешімді ел күткен деп санайды.

"Сарапшылар қауымдастығы үшін бұл таңғалатын жаңалық болған жоқ. Билікке кезекті сайлау науқаны алдында ұйымдастыру, дайындық жұмыстарын жүргізу үшін екі-үш апта керек болған секілді", - дейді Максим Казначеев.

Оның айтуынша, Қазақстан президенті лауазымына нақты үміткерлер еліміздегі саяси партиялардың съезі өткен соң белгілі болады, олардың аты партия жиынында аталады.

"Әзірге, еліміздегі ірі партия – "Нұр Отанды" алатын болсақ, онда екі басты үміткердің атын атауға болады. Бірі қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев, екіншісі ҚР парламенті сенатының басшысы Дариға Назарбаева деп ойлаймын", - дейді ол.

Сондай-ақ саясаттанушы партия съезі кезінде "Нұр Отаннан" қосымша үміткерлер ұсынылуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды.

Жаңалықтар
0