Оқиға

Алматы полициясы кісі қағып кеткен ақ түсті көлікті іздеп жатыр

© Photo : Рixabay/StockSnapЖүргізуші
Жүргізуші - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жолды тиісті емес жерден кеспек болған жаяу жүргінші ауыр халде ауруханаға жатқызылған

АЛМАТЫ, 9 сәуір — Sputnik. Іле даңғыл жолында белгісіз шетел көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлады құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстанға.

Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Мас әйел көлікпен 17 жастағы қыздарды екі рет басып өтті – видео

Оқиға Іле даңғыл жолы бойында 70-ші разъезге жетпей болған. Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, ақ түсті шетел көлігі Іле даңғыл жолымен солтүстік бағытта кетіп бара жатып, жаяу жүргіншілер өткелінен 50 метрдей жерде кісіні қағып кетті.

Қатты соққыдан жаяу жүргінші қарама-қарсы қозғалыс жолағына ұшып түскен. Сол кезде жолақта Nissan Primera көлігі келе жатқан болатын. Кісі қаққан шетел көлігі оқиға орнынан қашып кетті. Жаяу жүргінші ауыр халде ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер зардап шегушінің өмірі үшін күресіп жатыр.

© SputnikІле даңғыл жолында жаяу жүргінші көлік астына түсті
Іле даңғыл жолында жаяу жүргінші көлік астына түсті - Sputnik Қазақстан
1/2
Іле даңғыл жолында жаяу жүргінші көлік астына түсті
© SputnikІле даңғыл жолында жаяу жүргінші көлік астына түсті
Іле даңғыл жолында жаяу жүргінші көлік астына түсті - Sputnik Қазақстан
2/2
Іле даңғыл жолында жаяу жүргінші көлік астына түсті
1/2
Іле даңғыл жолында жаяу жүргінші көлік астына түсті
2/2
Іле даңғыл жолында жаяу жүргінші көлік астына түсті

 

Полиция қашқын жүргізушіні іздеп жатыр.

Жаңалықтар
0