10 сәуірде не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.
10 сәуірде қандай айтулы оқиға болды
Әлемнің көптеген елінде бүгін Аға мен қарындас күні аталып өтеді (Siblings Day). Мереке отбасылық құндылықтарды нығайтып, туған-туыстармен жиі кездесіп, жақсы қарым-қатынасқа ұмтылуды көздейді. Аға мен қарындас күні АҚШ-та 1998 жылдан тойланып жүр. Бұл мерекені бекітуге Клаудия Эварт есімді тұрғын бастамашы болған. Ағасы мен сіңлісінен ерте айырылған ол осылайша адамдарға туыстарымен араласып, тату болуды еске салуды жөн көрген екен.
Ағылшындар бүгін банан күнін атап өтеді. 1963 жылы дәл осы күні елде банан сатыла бастаған. Осыны ескеріп ең танымал экзотикалық жемістің құрметіне арнайы мереке бекітеді. Банан ең пайдалы жемістердің бірі болып есептеледі. Оның көмегімен гипертония, асқазан қыжылы, депрессияны емдейді.
10 сәуірде әлемде болған тарихи оқиғалар
1833 жылы алғаш рет сіріңке өндірісі басталды;
1841 жылы "New York Tribune" газетінің алғашқы нөмірі шықты;
1849 жылы америкалық Уолтер Хант қауіпсіз түйреуішті патенттеді;
1912 жылы "Титаник" лайнері Саутгемптон портынан алғашқы және соңғы сапарына шықты.
10 сәуірде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1992 жылы Жамбыл облысындағы Жуалы ауданының орталығы - Бурное ауылы Бауыржан Момышұлы атындағы ауыл болып өзгертілді;
1996 жылы Алматыда Еуропалық комиссия өкілдігінің ресми ашылу салтанаты өтті;
2014 жылы Шығыс Қазақстан облысының Зырян және Аягөз қалалары аудандық маңызы бар қалалар қатарына енгізілді.
10 сәуірде әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар
1952 жылы америкалық актер, кинопродюсер, сценарист, режиссер Стивен дүниеге келді;
1977 жылы ресейлік тележүргізуші, журналсит Анастасия Чернобровина дүниеге келді;
1982 жылы украниналық әнші, актриса, тележүргізуші, "ВИА Гра" тобының бұрынғы солисі Надежда Мейхер-Грановская дүниеге келді.
10 сәуірде Қазақстанда кім туды
1940 жылы мүсінші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан және КСРО Суретшілер одағының мүшесі, Шоқан Уәлиханов атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Төлеген Досмағамбетов дүниеге келді;
1983 жылы грек-рим күресі бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері Нұрбақыт Теңізбаев дүниеге келді;
1987 жылы ауыр атлетикадан еңбек сіңірген спорт шебері, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Мария Грабовецкая дүниеге келді.
Ай күнтізбесі
Ай Егіздер белгісінде орналасады. Ешкімді кінәлаудың қажеті жоқ, барлығы жоғары деңгейде болсын десеңіз, өзіңіз істеңіз. Отбасында да қиындықтар туындауы мүмкін.