Қазақстанда Конституциялық заңға сәйкес, кезекті және кезектен тыс президент сайлауы өткізіледі.
Кезекті және кезектен тыс сайлаудың айырмашылығы
Президенттiң кезектi сайлауы бес жылда бiр рет тиiстi жылғы желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiледi. Ол мерзiмi жағынан парламенттiң жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуі тиiс.
Тағы оқыңыз: Тоқаев Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы болатынын мәлімдеді
Ал кезектен тыс сайлау республика президентінің шешімімен тағайындалады және тағайындалған күнінен бастап екі ай ішінде өткізіледі.
Кезектен тыс сайлаудан кейінгі президенттің кезекті сайлауы бес жыл өткен соң жарияланады.
Бір адам неше рет сайлана алады
Конституцияға сәйкес, бiр адам қатарынан екi реттен артық президент болып сайлана алмайды.
Тағы оқыңыз: "Сіздерге байланысты": Тоқаев сайлаудың әділ өтуіне кепілдік беретінін айтты
Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа қолданылмайды.