Өңірлер

Актрисаның өлімі: Ілияс Карға қатысты үкім қайта қаралды

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол апатын жасаған ер адам ақпан айының соңында 10 жылға бас бостандығынан айырылған еді

АЛМАТЫ, 9 сәуір — Sputnik. Алматы қалалық соты 2018 жылдың соңында жол-көлік оқиғасына кінәлі деп танылған Ілияс Кардың апелляциялық шағымын қарап, осыған дейін кесілген үкімді өзгеріссіз қалдырды.  

Жол апаты 29 желтоқсанда таң алакеуім уақытта Алматының қақ ортасында болған. Абай мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен Mersedes Gelаndеwagen көлігі Mitsubishi Galant-қа барып соқтығысқан.

Жол апатынан үш адам: жекеменшік такси жүргізушісі Қанапия Бақытнұр, актриса Шолпан Елгезекова мен оның құрбысы Динара Хамитова қаза болды. Апаттан актриса Айзада Сатыбалдиева ғана тірі қалып, екі ай бойы ауруханада жатты. Ілияс Кар жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кеткен.

Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Актрисаның қазасы: күдіктінің жанында отырған жолаушы оқиғаны баяндап берді
Іс материалдарына сүйенсек, ол келесі күні полицияға өзі берілген. Тергеу деректерінде жол апатына кінәлі бір тәуліктен соң ұсталғаны, медициналық сараптама жүргізіліп, оның рөлге арақ ішіп отырғаны анықталғаны айтылады.

Осылайша ақпан айының соңында сот Ілияс Карды жол апатына кінәлі деп тауып, 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Соттың бұл үкімімен сотталушы да, оның адвокаты да келіспейді. Сотталушының айтуынша, ол спирттік ішімдік мүлде тұтынбайды, өйткені дәрігерлер бірнеше жыл бұрын оған обыр дерті диагнозын қойыпты.

Қос тараптың келтірген барлық дерегін тыңдаған Алматы қалалық сотының апелляциялық комиссиясы Ілияс Кардың үкімін өзгеріссіз қалдырып, ал адвокатының өтінішін қанағаттандырмады.

Сотта Ілияс Кардың барлық зардап шегушіге материалдық шығынды өтегені де айтылды.

Жаңалықтар
0