АЛМАТЫ, 7 сәуір – Sputnik. Ақтөбеден шыққан ресейлік опера әншісі Светлана Касьян Рим Папасының қолынан орден алатын болды деп хабарлайды Тvkultura.
Ерекше дауысымен Рим Папасын тәнті еткен әнші әулие Сильвестрдің рыцарь орденімен марапатталмақ.
Марапаттау шарасы Ватиканда Пасха күндерінің бірінде өтеді. Бұдан бұрын әнші Италияда бірнеше мәрте өнер көрсетіпті. Сол кезде Франциск әкейдің көзіне түсіп, талай рет мақтау естіген.
"Менің мақсатым - адамдарға, Құдайға, сұлулыққа қызмет ету", - дейді әншінің өзі.
Айта кетсек, Светлана Касьян 1993 жылы Ақтөбеге Батумиден көшіп келген. Қаладағы №26 орта мектепте оқыған, одан соң музыкалық колледжге оқуға түскен. Кейін Светлананы Мәскеу шақыртып алады, әрі қарай әлем сахнасына жол тартады. Әнші Вашингтонда Пласидо Домингоның өзінен тәлім алған. Бүгіндері Светлана Касьян - халықаралық сахнада өнер көрсететін Үлкен теар әншісі.