Өңірлер

Нұр-Сұлтанның іргесіндегі ауылда иттердің өлексесі тура мешіт жанында жатыр

Жазылу
Қоқыс толып кеткен ауылдың тұрғындары әкімдік тазалықты қамтамасыз етпеді десе, шенеуніктер жұрттың өзін кінәлап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір — Sputnik. Нұр-Сұлтанның іргесіндегі 25 мың тұрғыны бар Қоянды ауылы күл-қоқыстың астында қалды. Тіпті, қыстан бері ауыл көшелерінде жатқан ондаған иттің өлексесі иістеніп, шіри бастаған. Оларды өртеп, не сыртқа көміп тастайтын бір адам табылмапты. Ал, ауыл әкімі болса, Қояндыны қоқыс басуына жұрттың өзін кінәлап отыр.

Әлмерек баба кесенесінің маңындағы күл-қоқыс - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Киесі ұрады": Әлмерек әулие кесенесінің маңындағы күл-қоқыс - фото
Күл-қоқыс әр жерде үйіліп, барлық көшеге жайылып кеткен. Тіпті, тау болып үйілген қалдықтардың арасында ит өлекселері жатыр. Құрт пен құсқа жем болған оларды ит атқыштар атып, ауыл ішіне тастап кеткен дейді тұрғындар. Айтуларынша, күн жылып, қар ерігелі осындай 70-тен астам өлексе табылған, деп хабарайды КТК арнасы.

"Иттердің өлексесі мешіт жанында жатыр. Ауру тарайды ғой. Итті атқан соң алып кету керек. Анда-мында тастамай", - Қоянды ауылының тұрғыны Сәкен Сұлтанұлы.

Расында, мақұлықтар, тістері ақсиып көрінген жерде жатыр. Мәселен, ақ, сұр, сары түстілері мешіттің айналасында, қалған екеуі мектептің дәл қасында шіри бастаған. Ауру тарай ма деп қауіптенген жұрт сасыған өлексе мен қоқыстан әбден мезі болғандарын айтады.

"Тазаласа екен. Негізі бір машина жүретін. Бірақ, мен өз басым оны біраздан көрген жоқпын", - дейді ауыл тұрғыны Индира Телеуова.

Қоқыс, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Бішкек тұрғынының пәтерінен 10 көлік қоқыс шықты – видео
Ал, бас қаладан 20 шақырым жердегі Қояндының әкімі ауылды қоқыс басуына өзін емес, жұртты кінәләп отыр. Өйткені, осы уақытқа дейін әр үйдің қалдығын тазалап келген фирмаға жұрт ақша төлемей қойған. Сондықтан шығынға батқан фирма жұмыс істеуден бас тартып, ауылды күл-қоқыс жайлады дейді.

"Мысалы бір көшеде 20 үй болса, сол көшенің 2-3 үйі ғана уақтылы төлейді. Басқасы сол 2-3 адамның атын жамылып, қоқысты жәшікке тастап кете береді. Неге қоқыс ақысын төлемейсіздер десек, бұл үйде тұрмаймын деп адам сенгісіз себеп айтады", - дейді Қоянды ауылының әкімі Айбек Есеев.

Сондықтан, әкім жаңа кәсіпорынмен келісімге отырдық дейді. Ол бір-екі күнде қоқысты шығарып, шіріп жатқан өлекселердің де көзін жоюы тиіс.

Бір қызығы әкімдік жұрттың мәдениетін арттыру үшін "тазалықты өзіңнен баста" деген банерлер іліп қойыпты. Алайда қарапайым халық бұндай жалынды ұраннан көрі, шенеуніктер нақты іспен айналысса екен деп отыр.

Жаңалықтар
0