Өңірлер

Шымкенттіктерді үрейде ұстаған қылмыстық топ арнайы операция кезінде ұсталды

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуҚылмыскер ұсталды
Қылмыскер ұсталды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кәсіпкерден он мың доллар бопсалаған топ мүшелері қылмыс үстінде қолға түсті

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір — Sputnik. Шымкентте ҰҚК департаменті ұйымдасқан қылмыстық топтың алты мүшесін құрықтады. Олар жергілікті кәсіпкерлерден ақша бопсалаған, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

© Photo : Официальный сайт КНБ РКШымкенттегі арнайы операция
Шымкенттіктерді үрейде ұстаған қылмыстық топ арнайы операция кезінде ұсталды - Sputnik Қазақстан
Шымкенттегі арнайы операция

Күдіктілердің өзге қылмыстарға қатысы болуы мүмкін. Қару-жарақ қолданумен жасалған қылмыстары да тексеріліп жатыр. 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпаратына сәйкес, күдіктілердің жат діни ағымды ұстанатыны белгілі болған. Олардың бәрі аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бұған дейін бірнеше мәрте сотталған екен.  

© Photo : Официальный сайт КНБ РКШымкенттегі арнайы операция
Шымкенттіктерді үрейде ұстаған қылмыстық топ арнайы операция кезінде ұсталды - Sputnik Қазақстан
Шымкенттегі арнайы операция

"Қылмыстық топ мүшелері қылмыс үстінде қолға түсті. Олар жергілікті кәсіпкерлердің біріне сес көрсетіп, он мың доллар көлеміндегі ақша бопсалады. Тінту кезінде қылмыстық топтың қару сақтайтын жері анықталды. Қарудың бес түрі мен оқ-дәрі табылды", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

© Photo : Официальный сайт КНБ РКШымкенттегі арнайы операция
Шымкенттіктерді үрейде ұстаған қылмыстық топ арнайы операция кезінде ұсталды - Sputnik Қазақстан
Шымкенттегі арнайы операция

Қазір олардың діни себеппен жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Жаңалықтар
0