Қоғам

Нұр-Сұлтанда жүргізуші "наклейканың" көмегімен айыппұлдан жалтарған – видео

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото   - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жалған нөмір тағылған көлік уақытша коммуналдық тұраққа қойылды

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтанда жүргізуші өзіне салынған айыппұлды Шымкент тұрғынының мойнына ілген, деп хабарлады елорданың полиция департаменті.

Астаналық жігіт жапсырманың көмегімен "F" әрпін "Е"-ге ауыстырып, көлігінің мемлекеттік нөмірін өзгерткен. Соның салдарынан айыппұл Шымкент тұрғынының атына келген. Өзге біреудің айыппұлын төлеуден бас тартқан ер адам ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың блогына хат жазып, Нұрсұлтан қаласының әкімшілік полициясына хабарласқан.         

Оған айыппұлдар 2018 жылдан 2019 жылдың сәуіріне дейінгі аралықта келген. Полицейлер нағыз ереже бұзушыны тапты. Жалған нөмір тағылған көлік уақытша коммуналдық тұраққа қойылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Нұр-Сұлтан қ. ПД (@police_nur_sultan)

Көлік иесі 20 АЕК (50 500 теңге) көлемінде айыппұл төлеуі немесе бір жылға көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін. Шешімді Нұрсұлтан қаласының әкімшілік полициясы қабылдайды.       

  

Жаңалықтар
0