Экономика

Алматы облысында атом электр станциясы салынады

© Sputnik / Виктор Толочко / Медиабанкке өтуАтом электр станциясы
Атом электр станциясы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
АЭС құрылысы бойынша нақты шешім әлі қабылданған жоқ, деді энергетика министрінің орынбасары

НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір — Sputnik. Қазақстанда Алматы қаласынан үш жүз шақырымдай жердегі Үлкен ауылында атом электр станциясы салынады, деп хабарлады энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев парламент сенатының кулуарында.

Чернобыль АЭС - Sputnik Қазақстан
Әлем
Барлық атом станциясы бір мезетте жарылса, Жер бетінде не болады?

Оның айтуынша, АЭС құрылысы бойынша нақты шешім әлі қабылданған жоқ, бірақ қайда салынатыны белгілі болған.

"Біз осы мәселені әрі қарай зерттейміз, бірақ АЭС құрылысы бойынша нақты шешім әлі қабылданған жоқ. Алматы облысында салатын болдық – Үлкен ауылындағы алаңқайда", - деді вице-министр Мырзағалиев.

Оның айтуынша, Қазақстанға ең қолайлы технологияның таңдап алу қажет. Айта кетсек, Үлкен ауылы Балқаш көлінде орналасқан.

© Photo : Карты GoogleАлматы облысындағы Үлкен ауылы
Алматы облысында атом электр станциясы салынады - Sputnik Қазақстан
Алматы облысындағы Үлкен ауылы

3 сәуірде Мәскеу қаласында болған екі ел президенттерінің кездесуінде Владимир Путин Ресейдің Қазақстанда атом электр станциясын салуды ұсынатынын мәлімдеген болатын. Мырзағалиевтің айтуынша, Ресей мен Қазақстан ұзақ жылдар бойы ынтымақтасып келеді, уран өндіру бойынша ортақ жобалары бар.

Бұдан бұрын Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин "Росатом" компаниясы Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салады деп үміттенетінін айтқан еді.

Жаңалықтар
0