Қоғам

"Кәрісің деді": Жанар Айжанованың мемлекетке өкпесі қара қазандай - видео

© Photo : Әншінің instagram парақшасынанӘнші Жанар Айжанова
Әнші Жанар Айжанова  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жанар Айжанова өз күнін өзі көрген әнші екенін айтып, мемлекеттің бір кездері керексіз зат секілді өзін "лақтырып" тастағанын айтты

АЛМАТЫ, 4 сәуір – Sputnik. Күміс көмей әнші Жанар Айжанова өміріндегі қиын кезеңін еске алып, мемлекетке неге өкпелі болғанын "Talk Like" бағдарламасына берген сұқбатында егжей-тегжей баяндап берді.

Әншінің айтуынша, оны 2004-2015 жылдар аралығында ешбір мемлекеттік мекеме жұмысқа алмай қойған, жоғарыдан бір адам да іздемеген. Осы кезде Айжанова қатты ашынып, мемлекетке өкпелеп қалған екен.

Өкпе

"Жылына бір рет қойды да санайды ғой. Жоқ, 11 жыл бойы тым-тырыс, "осы қыз қайда жүр" деп біреуі іздемеді. Тек 2014 әлде 2015 жылдың біреуі болуы керек, әйтеуір сол кезде шоу айтысқа қатыстым. Сахнаға Балғынбек Имашев екеуміз шықтық.

Девушка - Sputnik Қазақстан
Жанар Айжанова заманауи ролик жасаймын деп елдің сөзіне қалды - видео
Сол арада "Таланттысыз, халықтың сүйіктісісіз, телевидение сіздің орныңыз емес, онда неғып жүрсіз" деген секілді сөздер айтылды. Содан "еш жер жұмысқа алмаса, телевидение артымнан қалмаса, қайтем енді" деп айтқанмын. Соны естіп ұялды ма, әйтеуір өнерде жүрген бір азаматтар 2015 жылы мені Астанадағы академиялық филармонияға жұмысқа тұрғызды" , - дейді ол.

Ал 2015 жылға дейін Жанар Айжанова өз күнін өзі көрген. Ел аралап, концерт берген, тойда ән салған, тіпті асаба да болған. Соңғы кездері телевидениеден жұмыс тапқан. Осындай маңдай тердің, халықтың ықыласының арқасында әнші нанын тауып жеп, ел салған коттеджі де соғып, автобустан көлікке көшіп, жағдайы жақсарған.

"Мемлекет емес, халық менің жағдайымды жасаған", - дейді әншінің өзі де.

Арпалыс

"... Бір қолымда балам, арқамда арбам бала сүйрейтін. Мына жанымда баламның тамағы, горшогы... Соның бәрін сүйреп жүріп, мұрнымнан қан кетіп жүріп істедім бәрін. Ал егер менің үйімді, тағысын тағы өз еңбегімен алмаған деп біреу күмән келтірсе, ол Құдайдан қорықпайтын адам деп ойлаймын. Бәрін таза еңбегіммен таптым", - дейді Айжанова.

Сәкен Майғазиев әріптестерімен бірге бағдарламада отыр - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
"Мақпал мені сыйламады". Сәкен Майғазиев бағдарламадан неге кетіп қалғанын түсіндірді
Соңғы рет "Гүлдер" республикалық мемлекеттік ансамблінде болған Айжанова ол арадан өзін қалай жұмыстан шығарып тастағынын да ашып айтты.

"2004 жылы "Гүлдерге" жұмысқа кіргем. Сол кезде мен 34-35-те ғана екенмін. Бір күні басшылық "Біз жұмысшыларды сүзгіден өткізіп жатырмыз, жастарға жол ашып жатырмыз, сен кәрісің" деп шығарып жіберді. Қалай ашынбайсың мұндайда?

Енді 11 жыл өз бетіммен жүргенмен біраз мемлекеттің табалдырығын тоздырдым. Аттарын айтпақ-ақ қояйын, бір-екі мекеме басшылары "Сізге лайық бізде жұмыс жоқ" деп шығарып салды. Тура осылай айтты", - дейді әнші.

Атақ

Барша ел сүйетін күміс көмей әншінің ешқандай атағы да болмай шықты. Бірақ Айжанова одан дәмелі екенін де жасырмайды.

"Менде ешқандай атақ жоқ. Іштей бағаңды білесің ғой. Сұрап отырғаным жоқ, бірақ еңбегімді елеп-ескеріп бір атақ берсе қазір, оны дұрыс қабыл алар едім. Нағыз кемеліне келген кезде дер уақытта берілген деп бағалар ем. Өйткені менің жүріп өткен шығармашылық жолым, өмірім бар", - дейді ол.

Ал өзінен таланты да, жасы да кем жастардың атақ алуына қатысты әнші ойын былай білдірді:

"Беріп жатса алады. Олардың бұл арада кінәсі жоқ. Дегенмен 30 жасқа енді толып жатқан қыздарымызға, балаларымызға "Құрмет" орденін бергенде оны біртүрлі қабылдадым. Ол жасына келмейді ғой. Құрмет деген, мысалы жасы келген, жастарға ақыл айтатын, өнеге бере алатын адамдарға жасалады. Меніңше соны біз шатастырып алған сияқтымыз. Атақты оңды-солды таратып. Бұл менің қызғанышым емес, жеке пікірім", - дейді ол.

Арман

Мемлекетке қанша жерден өкпелі болса да, Жанар Айжанованың өзіне мүмкіндік берсе, жоғарыдағыларға айтар бұйымтайы бар екен.

Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Димаш "Жыл адамы" атанған Роза Рымбаеваны құттықтады
"9-10 адамнан құралған фольклорлық этнографиялық ансамблді құрып берсе. Бір автобусымды алып берсе. Менің арманым сол. Өйткені бұл жанрда менің айтатын әнім көп, жатыр әлі шықпай уақытын күтіп. Онда халықты аралап, әлі берерім көп менің еліме", - дейді ол.

Бүгіндері Айжанова телевидение саласында өз бетімен еңбек етіп жүр. Ал 2015 жылы мемлекет шақыртып алып жұмысқа тұрғызған - Астанадағы академиялық филармонияда әнші көп тоқайламаған.

"Үйім Алматыда, жұмысым Астанада, екі ортада қашанғы шапқылай берем, ақыры ол арадан шығып кеттім", - дейді әнші.

Жаңалықтар
0