Қоғам

Келесі жылдан бастап кімдер зейнетке ерте шыға алады 

© pixabay / Sabine van ErpҚарттық
Қарттық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Психо-эмоционалдық тұрғыда жұмысы ауыр дәрігерлерге зейнетке ерте шығу мүмкіндігі берілмек

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Келесі жылдан бастап кей дәрігерлердің зейнетке шығу жасы қысқаруы мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігі заңға осындай өзгеріс енгізбек. Ол тізімге хирургтер, акушер-гинеколог және неонатологтар кіреді.

Ай-күні жетпей туған нәрестелер мен туа біткен даму кемістігі бар бөбектерге күтім жасайтын неонатолог Ирина Цубенконың жұмысы аса жауапкершілікті талап етеді. Ол өз тәжірибесінде 24 апталық шала туған, салмағы 500 грамм ғана шақалақтарды да бағып-қаққан, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Мектеп - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда мұғалімдер 48 жасында зейнетке шығуы мүмкін
"Бізге көбіне шала туған балалар түседі. Туа салысымен бізге әкеледі. Аналар сәбиін ешкімге бергісі келмейтіні түсінікті ғой. Эмоцияға беріледі. Олармен жұмыс жасау да оңай емес. Денсаулығында кінәраты бар нәрестелерге күтім жасау өте қиын. Олар сөйлей де алмайды. Өткен жылы біз осындай 40-қа жуық баланы қабылдап, күтім жасап шығардық", - дейді Ирина Цубенко.

Осындай психо-эмоционалдық тұрғыда жұмысы ауыр дәрігерлердің зейнетке ерте шығу мүмкіндігі болуы керек, дейді министрліктегілер. Тіпті заңға өзгерістер енгізуді қарастырып отыр. Бірақ, ертерек зейнетке шығу үшін, дәрігердің зейнетақы қорында ақшасы жеткілікті болу керек. Онда ай сайын тиісті 10 пайыздан бөлек, қосымша қаражат салуға тура келеді.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының дерегінше, бүгінде еркектер 9,1 миллион теңге қормен 55 жастан, ал әйелдер 13 миллион теңгемен 51 жастан зейнетке шыға алады.

"Бұрын КСРО кезінде жұмысы ауыр дәрігерлерге мұндай мүмкіндік берілген. Зейнетақы қорында ақшасы жеткілікті болса, біз 55 жастан демалысқа шығуды ұсынып отырмыз. Жұмыс өтілі де маңызды. Қанша жыл болуы керегі қазір талқыланып жатыр", - деп түсіндірді ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту РО менеджмент орталығының басшысы Салтанат Ыдырысова.

 

Жаңалықтар
0