Саясат

Тоқаев Путинмен кездесуінде: Мен алтын ғасырдың президенті болдым

© Sputnik / Алексей Дружинин / Медиабанкке өтуҚазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көрші елдердің басшылары болашаққа қатысты жалпы жоспарларын ортаға салды

НҰР-СҰЛТАН. 3 сәуір — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінің терең символдық мәні бар екенін мәлімдеді. Кремлде оларды екі елдің министрлерінен құралған делегациялар бастап жүрді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  - Sputnik Қазақстан
Тоқаев алғашқы ресми сапармен Мәскеуге барды
Екі сағаттық келіссөздерден кейін елдердің басшылары баспасөзге сұхбат берді. Кездесудің қорытындысы бойынша орыс және қазақ тілдерінде бірлескен мәлімдеме оқылды. Путин алғашқы сапарын Ресейге жасағаны үшін Тоқаевқа алғысын білдірді. Қазақстан көшбасшысы өз сөзінде:

"Мен Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының алтын ғасырында президент лауазымына кірістім.Менің алғашқы ресми сапарымның терең символдық мәні бар, ол біздің елдеріміздің қарым-қатынасы ерекше мәртебеге ие екенін білдіреді", - деп атап өтті.

Тоқаев екі елдің достығын нығайтуға бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев зор еңбек сіңіргенін айтуды ұмытпады.   

Келіссөздер барысында мемлекет басшылары экономикадан студенттер алмасуға дейінгі мемлекетаралық ынтымақтастықтың барлық түріне тоқталды. Сонымен қатар, Қазақстанда ресейлік технологияларды қолдана отырып атом электр станциясын салу жобасы жоғары деңгейде талқылануда.  

Мәдениет майданында да маңызды жаңалық болмақ: Мәскеуде Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесі аумағында Қазақстан мәдени-іскерлік орталығы жұмыс істейді.   

Путин мен Тоқаевтың келесі кездесуі 29 мамырда Нұр-Сұлтанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында өтеді.

Жаңалықтар
0