Қоғам

Тоқаев: Бізге надан­дықтан құтылу қажет

© Sputnik / Владислав ВодневАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы қазаққа даңғазалықты доғарып, ысырапшылдықтан арылу қажет екенін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір — Sputnik.  Тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан жастары­мыз талапшыл, еңбекшіл, ой­шыл, қанағатшыл, рақымшыл секілді қасиеттерді бойына сіңірсе, еліміздің бо­лашағы жарқын, жұлдызы жоғары болады. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық Egemen Qazaqstan және Aıqyn газеттеріне берген сұхбатында айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
"Қазақ тілі – қазақтың жаны" Тоқаев латын әліпбиіне қатысты ұстанымын ашық білдірді
Президент журналистің "ХХІ ғасырдағы қазақтың кердең мінезіне нені жатқызар едіңіз?" деген сұрағына "Даңғазалық, ысырапшыл­дық", - деп жауап берді.

Оның пікірінше, қазаққа даңғазалықты доғарып, ысырапшылдықтан арылу қажет.

"Осы туралы бұрынырақта, әлеумет­тік желіде пікірімді де жаздым. Ұлы Абай "Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Содан қашпақ керек: Әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық деп білесің. Надандық – білім-ғылымның жоқтығы, дүние­ден ешбір нәрсені оларсыз біліп болмайды" дейді. Бізге надан­дықтан құтылу қажет", - дейді Тоқаев.

"Тәуелсіздік жылдарында мем­лекеттік, ұлттық ұстанымға адал, білімді, өткір, отаншыл жастары­мыздың тұтас бір буыны қалып­тасты. Біз соларға арқа сүйейміз. Олар Абай айтқан бес асыл іске берік – талапшыл, еңбекшіл, ой­шыл, қанағатшыл, рақымшыл бол­са – онда біздің еліміздің бо­лашағы жарқын, жұлдызы жоғары болмақ!", - деп түйіндеді мемлекет басшысы.    

Жаңалықтар
0