Оқиға

Ата-анасы үйде болмаған: Семей түбіндегі ауылда екі баланың мәйіті табылды

© Photo : pixabay.comИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екіқабатты тұрғын үйден өрт шығып, балалар уланып қалған

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір — Sputnik. Шығыс Қазақстанда Семей қаласына жақын маңдағы Холодный ключ елді мекенінде екіқабатты тұрғын үйден өрт шығып, екі бала көз жұмды, деп хабарлады төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Өрт сөндіруші - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанадағы бес баланың қазасы: Сұлтанов шұғыл жиын өткізді
Өрт туралы хабарлама дүйсенбі, 1 сәуір күні сағат 14:19-де түскен. Өрт бірінші қабаттағы қонақ үйден басталған – жиһаз өртенген.

"Қызыл жалынды сөндіру кезінде жуынатын бөлмеден 2012 және 2015 жылы туған екі баланың мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша қою түтіннің салдарынан иіс газынан уланып қалған. Ата-анасы үйде болмай шықты", - деп хабарлады құтқарушылар.

Сондай-ақ өрт сөндірушілер көршілерді қауіпсіз жерге көшірді. Өрт сағат 14:56-да оқшауланып, 15:12-де сөндірілді.

Жаңалықтар
0