Өңірлер

"Соның бәрі елдің қамы" Назарбаев өзі туып-өскен Шамалған ауылына келді

© Photo : Официальный сайт президента РК Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға келді, архивтегі фото
 Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға келді, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елбасы ауыл тұрғындарын ел игілі үшін еңбек етуге шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзі туып-өскен Шамалған ауылында болып, жерлестерімен кездесті.  

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  - Sputnik Қазақстан
Фото
"Тағдырыма ризамын": Нұрсұлтан Назарбаев жайлы не білеміз? - фото
"Атамекен" тарихи-мәдени орталығында өткен жүздесуге 3 мыңнан астам адам жиналды. Тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы жерде мектеп табалдырығын аттап, үлкен өмірге жолдама алды. Жерлестері Елбасын ыстық ықыласпен қарсы алып, ел егемендігін нығайту жолында атқарған қызметіне алғыстарын айтты, деп хабарлады Хабар 24.

Нұрсұлтан Назарбаев ауыл қазақтың темірқазығы, отанды сүю туған жерді ардақтаудан басталады деді. Қазіргі таңда елді мекендерді дамыту бойынша көптеген бағдарламаның қолға алынғанын жеткізген Елбасы ауыл тұрғындарын ел игілі үшін еңбек етуге шақырды. Шамалғанның алғашқы іргетасы 1910 жылы қаланған. Ұшқоңыр тауларының баурайында орналасқан шағын ғана ауыл халқы бүгінде 20 мың адамнан асып отыр.

"Ауылыңа келгенде жастық шағың есіңе түседі. Мемлекетімізді аяғына нық тұрғызу үшін қанша қиын-қыстау кезеңнен өттім. Сонда осы Шамалғанда әкеммен жүрген кезім есіме түскенде шаршағаным басылатын. Адамның кіндік кескен жері болады. Ол бірінші отаны. Сол бірінші отан арқылы Үлкен отанды сүйіп, адам патриот болады. 170 елді араладым, 200-ден астам президентпен кездестім. Соның бәрі елдің қамы. Тәуелсіздік жылдары күндіз-түні жұмыс істедім", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жаңалықтар
0