Саясат

Тоқаев танымал әлеуметтік желіден өз парақшасын ашты

© Sputnik / Болат ШайхиновҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Енді мемлекет басшысы инстаграм желісінде де маңызды жаңалықтармен бөлісіп отырады

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев инстаграм желісінен ресми парақша ашты. Бұл туралы фейсбукте мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Әлеуметтік желідегі Тоқаев туралы не білеміз?
Мемлекет басшысы инстаграмдағы ресми парақшасында алғашқы жазбасын жариялап та үлгерген.

"Жақында өңір әкімдерін жұртпен етене байланыс орнату үшін заманауи байланыс құралдарын ұтымды пайдалануға, яғни, халықпен кері байланыс орнату мақсатында əлеуметтік желілерде белсенді болуға шақырдым. Өздеріңізге белгілі, мен бірнеше жылдан бері Twitter желісін белсенді қолданып, мемлекетіміз үшін ең маңызды деген дүниелермен бөлісіп келемін. Ендігі ретте осы үрдісті халық ең көп шоғырланған Instagram желісінде де жалғастыруды жөн деп таптым", - деп жазды Тоқаев Instagram-да.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Құрметті Отандастар! Жақында өңір әкімдеріне жұртпен етене байланыс орнату үшін заманауи байланыс құралдарын ұтымды пайдалануға, яғни халықпен кері байланыс орнату мақсатында əлеуметтік желілерде белсенді болуға шақырдым. Өздеріңізге белгілі, мен бірнеше жылдан бері Twitter желісін белсенді қолданып, мемлекетіміз үшін ең маңызды деген дүниелермен бөлісіп келемін. Ендігі ретте осы үрдісті халық ең көп шоғырланған Instagram желісінде де жалғастыруды жөн деп таптым. .............. Уважаемые соотечественники! Недавно я призвал акимов регионов оперативно реагировать на запросы граждан и активно работать в социальных сетях для налаживания обратной связи с населением. Как вы знаете, уже несколько лет активно использую сеть Twitter и делюсь своим мнением о важных для нашей страны событиях. Решил продолжить эту практику в популярной сети Instagram.

Публикация от QASYM-JOMART TOQAYEV (@tokayev_online)

Берік Уәли соңғы уақытта Instagram желісінде президенттің атынан ашылған парақшалар көбейіп кеткенін, бірақ олардың ешқайсысы да ресми емес екенін атап өтті.

"Бұдан былай ресми парақша біреу, оның мекенжайы @tokayev_online", - деп жазды ол.

Жаңалықтар
0