Әлем

Қатыгез ана баласының құлағын кесіп тастады – әйелді полиция ұстап әкетті

© AFP 2024 / OHAN ORDONEZАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға Ресейдің Зеленоград қаласында болған

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз - Sputnik. Тергеу комитеті 12 жастағы баласын ұрып, оң құлағының шетін кескен әйелге қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды РИА Новости.

Терезеге қараған бала - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Семейде анасы үш жасар баласын бесінші қабаттан лақтырып жіберді
Бала бұл оқиға жайлы ешкімге тіс жармапты. Алайда мектептегілер оның екі күн бойы баскиімін шешпегенін байқаған. Дене жарақатын көрген соң мектеп әкімшілігі құқық қорғау органдарына хабар берді.

Оның анасына "қару ретінде қолданылатын затпен баланың денсаулығына зиян келтірді" деген айып тағылып отыр. Бұл бап бойынша он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазір бала отбасы мен баланы қолдау орталығына жіберілді.

Әйел адам қамауға алынған. Қылмыстық істі тергеу жалғасатын болады.

Жаңалықтар
0