Видео

Элизабет Тұрсынбаеваны қарсы алған алматылықтарды ерекше тосынсый таңғалдырды - видео

Жазылу
2019 жылғы әлем чемпионатында айды аспанға шығарған Элизабет Тұрсынбаеваны әуежайдан қарсы алған жанкүйерлерді күтпеген тосынсый қуантты – Элизабетпен бірге Қазақстанның оңтүстік астанасына атақты бапкер Илья Авербух та келген екен

Танымал мәнерлеп сырғанаушы әрі бапкер Илья Авербух 30 наурызда Almaty Arena спорттық кешенінде "15 лет успеха" атты шоу өткізеді. Оған Жапониядағы әлем чемпионатында жоғары жетістікке жеткен Элизабет Тұрсынбаева да қатысады.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева  - Sputnik Қазақстан
Спорт
Наурызға сый: Элизабет Тұрсынбаева әлем чемпионатында сенсация жасады – видео

"Осы жолы 70 қала қамтылатын үлкен гастрольдік тур аясында келіп отырмын. Қазақстанға олимпиада жұлдыздарын түгел дерлік жинаймыз. Олар -  Алексей Ягудин, Максим Траньков, Роман Костомаров және тағы басқа танымал мәнерлеп сырғанаушылар. Яғни, бұл – нағыз жұлдызды құрам", - деді Илья Авербух.

Айта кетсек, Элизабет Тұрсынбаева Жапонияда мәнерлеп сырғанаудан өткен әлем чемпионатында 2-орын иеленіп, айды аспанға шығарды. Ол әлем біріншілігінің жеңіс тұғырына көтерілген алғашқы қазақстандық қыз атанған.

Жаңалықтар
0