Қоғам

Абайды оқып, Төреғалиді тыңдайтын поляк жігіті қазақ тілін барша жұртқа насихаттап жүр

© Photo : CC0 / congerdesignКітап
Кітап - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Польшалық зағип студент тілді терең меңгеру үшін қазақтың халық әндерімен қатар заманауи әншілерді де тыңдайды

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз — Sputnik. Польшада қазақ тілін жақсы көріп, аз уақыт ішінде жетік меңгерген Вячеслав Чернев есімді азамат тұрады. Варшава университетінің студенті қазақстандық достарымен араласу үшін олардың ана тілін үйренген, деп хабарлайды Хабар 24.

Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Қазақ тілі болуы тиіс" Тоқаев үштілділікке қатысты ұстанымын айтты

Көп тілде сөйлейтін поляк жігіті қазақтардың ана тілінде сөйлеуін қолдайтынын айтады. Ол қазақ күйлерін тыңдайды, ақын-жыраулардың атын жатқа біледі, тіпті қазақ тілінде ән айтқанды ұнататын көрінеді.

Варшава университетінің докторанты туғанынан зағип болғанына қарамастан, ғылымға ден қойып, Орынбор мен Уфа қаласында білім алған. 24 жастағы жігіт қазір Польшада докторлық диссертациясын қорғауға дайындалып жатыр.

Вячеслав Чернев қазақ тілін оқуды неден бастау керектігін айтып, өз тәжірибесімен бөлісті.

© Photo : Кадр видео телеканала "Хабар 24"Қазақ тіліне құштар поляк жігіті Вячеслав Чернев
Абайды оқып, Төреғалиді тыңдайтын поляк жігіті қазақ тілін барша жұртқа насихаттап жүр - Sputnik Қазақстан
Қазақ тіліне құштар поляк жігіті Вячеслав Чернев

"Біріншісі, әрине, Абай. Онсыз болмайды. Қазақ тілін меңгергің келсе, ең алдымен, Абайдың шығармаларын оқу керек. Екіншісі, Нұртуған жырау. Оның өмірі қиын болғанын білемін. Бірақ қазақ халқы деп, қазақ мәдениеті деп, қазақ тілі деп өмір сүрген. Қазіргі әншілерді де ұмытпаймын, тек қана ақындармен шектелуге болмайды. Төреғалиді естігенім бар", - дейді ол.

Елизавета Осипова мен Анастасия Решетникова - Sputnik Қазақстан
"Қазақтанып барасыңдар деп күлді": Абай тілін меңгерген мәскеулік арулардың әңгімесі

Вячеславтың тілге деген құлшынысы 11 жасында оянған. Алдымен татар, башқұрт, түрік, италян, неміс тілдерін үйренген. Қазір он тіл біледі. Әр елдегі достарымен өздерінің ана тілінде сөйлескенді ұнатады.

Бұдан бөлек, Вячеслав Қазақстанның тарихын зерттеумен айналысады. Өткен жылы қазақ жерінде алғаш рет болып қайтыпты. Алматыда өткен ғылыми конференцияда қазақша баяндама жасап, жиналғандардың ыстық ықыласына бөленген екен.

"Рұқсат берсеңіздер, сөзімді қазақша бастаймын" деп сөйлей бергенімде бәрі таңғалып қалды. Өйткені менен Польшадан келгендіктен ағылшын тілінде немесе Орынборда білім алған үшін орыс тілінде сөйлейді деп күтті деп ойлаймын. Бірақ қазақша сөйлей бастағанда, бәрі таңғалып қалды. Баяндамамды қазақша айттым. Енді Қазақстанға тағы бірнеше рет барамын деген ойдамын", - дейді поляк полиглоты.

Танымал қазақ режиссері неге ана тілінде сөйлемейтінін айтты

Биыл жас жігіт Нұр-Сұлтандағы түркітанушылардың конференциясына қатысуды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, Қазақстанның ежелгі қалалары мен қасиетті орындарын аралауды мақсат етеді.

"Әрине Қазақстанға тағы барып қайтқым келеді. Тарихи жақтарын да Тараз, Түркістан, Шымкент сынды тарихи қалаларды көрсем деймін. Жалпы қазақ мәдениетін башқұрт тілі мен мәдениетін үйрену арқылы таныстым. Сондықтан түркі тілдес халықтардың бір-бірімен тығыз байланысы қызықтырады", - дейді Вячеслав Чернев.

Вячеславтың айтуынша, Қазақстанды тануға құштар шетелдіктер Польшамен қатар Еуропада да көбейіп келеді.

"Сондықтан қазақтың тарихы, мәдениеті және тілін үйренем деушілер үшін Варшавада қазақ тілі орталығын ашу қажет", – дейді ол.

Жаңалықтар
0