Әлем

Бішкекте ілулі тұрған Қазақстан әскерилерінің суреті жұрттың ашуын туғызды

Жазылу
Баннерді ілген әскери комиссариат қызметкерлері қатаң жазаланды

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз — Sputnik. Бішкектегі аудандық әскери комиссариат алдында Қазақстан әскерилерінің суреті бірнеше күн ілулі тұрған, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Плакатты көріп ашуланған қала тұрғындарының бірі видеоға түсіріп, басылымның Telegram арнасына жіберген екен.

Шекара мұнарасы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қырғыз шекарашылары Қазақстан азаматын атып өлтірді

Кадрларда әскери мекеменің дуалына ілінген үлкен баннерде екі танкист бейнеленген. Видео авторы сарбаздардың формасына "Қазақстан" деп жазылғанын көрсетті.

Қырғыз Республикасының бас штабының баспасөз қызметі хабарлағандай, кейінірек бұл плакатты алып тастапты.

Осы жайтқа байланысты комиссариатта қызметтік тексеріс жүргізіліп, қазақстандық әскерилердің суретін іліп қойған қызметкерлер қатаң жазаланды, деп мәлімет берді елдің қорғаныс істері бойынша мемлекеттік комитеті.

Жаңалықтар
0