Әлем

Той үстінде күйеу жігіт қалыңдықтың бетінен салып жіберді – видео

© Sputnik / Владимир Вяткин / Медиабанкке өтуҚалыңдық, архивтегі фото
Қалыңдық, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қалыңдықтың қалжыңын көтере алмаған жігіттің әрекеті жұрттың ашуына тиді

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Үйлену тойында күйеу жігіт қалыңдықтың қалжыңын көтере алмай, бетінен ұрып жіберді. Куәгерлер түсірген видео әлеуметтік желілерде таралып жатыр.

Ролик авторларының айтуынша, оқиға Ташкентте болған. Қалыңдық дәстүр бойынша күйеу жігітке торт жегізуі тиіс еді, алайда ол сүйіктісімен әзілдесуді жөн көрген. Күйеу жігіт қалжыңды түсінбей, оның бетінен салып жібереді.

Видеоны мыңдаған адам көріп үлгерген, жігіттің әрекеті желі қолданушыларының ашуына тиді.

 

Жаңалықтар
0