Оқиға

Тоғжанов: Қыршын кеткен жігіттердің қазасы орны толмас қайғыға душар етті

© Sputnik / Сергей Аверин / Медиабанкке өтуГүл, архивтегі фото
Гүл, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ми-8 тікұшағы апатынан қаза тапқан әскерилердің отбасына облыс әкімдігінен миллион теңгеден бөлінеді

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз — Sputnik. Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов ұшақ апатынан қаза тапқан ұшқыш Роман Костыговтың отбасына барып, көңіл айтты, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.  

Ми-8 тікұшағы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қызылордадағы тікұшақ апатында қаза болғандардың суреттері жарияланды
"Маңғыстауда 30153 әскери бөлімінде әскери міндетін атқара жүріп қаза тапқандардың отбасына Маңғыстау облысы әкімдігі атынан 1 миллион теңгеден материалдық көмек көрсетіледі. Отан алдындағы борышын өтеу кезінде қыршын кеткен жігіттердің қазасы орны толмас қайғыға душар етті. Егемендікті мәңгі баянды ету жолында шейіт болған жауынгерлердің туған-туыстарына Маңғыстау облысы тұрғындарының атынан және облыс әкімдігінің атынан қайғырып көңіл айтамын", - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтаудан Шымкентке аттанған Қорғаныс министрлігіне қарасты МИ-8 тікұшағы Қызылорда облысында апатқа ұшырап, 13 адам қаза тапты. Шейіт болғандардың 12-сі Ақтаудағы 30153 әскери бөлімінде қызмет кеткен.

Жаңалықтар
0