Өңірлер

Талдықорған әкімінің ұлы ұсталды ма? Әкімдік жауап берді  

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік желіде 28 наурыз күні Алматыда ұсталған көлік жүргізушісі "Талдықорған қаласы әкімінің ұлы болуы мүмкін" деген сыбыс тарап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі қоғам назарын аударған оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бүгін Instagram әлеуметтік желісіндегі taldykorganec_insta парақшасында осы жағдайға қатысты ақпарат шықты.

Алматы орталығында мұздай қаруланған ер адам ұсталды - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Тапанша, оқ-дәрі және бір бума ақша: Алматы орталығында мұздай қаруланған ер адам ұсталды
"Талдықорған қаласы әкімінің ұлы ұсталды ма? Алдын ала мәліметке сәйкес, көліктің нөмірінен бұл Талдықорған қаласының әкімі Дастан Шалтабаевтың ұлы немесе оның туысқандары екенін аңғаруға болады", - деп жазылған онда.

Бұл жағдайға қатысты Алматы облысы әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкей түсініктеме берді. Оның айтуынша, Талдықорған әкімі өз жұмысын атқарып жатыр екен.

"Талдықорған әкімі өз жұмысын істеп жатыр. Бірақ әлеуметтік желіде және БАҚ-та Алматыда ұсталған көлік жүргізушісіне қатысты мәліметтер тарауда. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша қызметтік тексеріс басталды", - деді ол.

Сонымен қатар Ғалымұрат Жүкей кеше Алматыда ұсталған жүргізушінің қала әкімі Дастан Шалтабаевқа қатысы бар-жоғы тексерілетінін, халыққа тиісті ақпарат берілетінін атап өтті.

"Қала әкіміне байланысты деген соң халық ұлардай шулап кетті ғой. Қалада "туысқандары тапаншамен жүр" деген мәлімет сұмдық қой. Бұл мемлекеттік қызмет беделіне нұқсан келтіреді. Оны өздеріңіз де білесіздер. Сондықтан біз қызметтік тексеріс жүргізіп, ақпараттың рас-өтірігін анықтаймыз. Оны кейін халыққа жария етеміз", - деп түйіндеді сөзін Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі.

Айта кетейік, кеше Алматы қаласының орталығында полицейлер жедел қызметтердің арнайы сигналдары орнатылған Toyota Camry 70 көлігін тоқтатып, жүк салғыштан травматикалық қару, оқ-дәрі және бір бума жалған ақша тапқан. Кейін көлік жүргізушінің көлікті заңсыз жүргізгені анықталған.

Жаңалықтар
0