Саясат

Назарбаев Алматыны не үшін жақсы көретінін ашық айтты – видео

© Sputnik / Анатолий УстиненкоНұрсұлтан Назарбаев Алматыда
Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның тұңғыш президенті Алматы қаласымен өзін не байланыстыратынын айта келе, балалық шағын еске түсірді

АЛМАТЫ, 29 наурыз — Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы президентінің телерадиокешеніне берген сұхбатында Алматыны әсемдігі үшін, жайқалған жасыл желегі мен алма бақтары үшін жақсы көретінін айтты.   

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Президент Телерадиокешені (@ptrk.kz)

Назарбаев әлі күнге дейін Алматыға барған сайын көңілі толқитынын жасырмады.  

"Біздің үйдің айналасында бақ болатын. Сол кезде үй іргесіндегі телім, менің ойымша, жарты гектар болды. Ал осы жарты гектар жер отбасымызды толығымен асырады. Алма бағы болды ... Алматыда алма ағаштары гүлдегенде мен міндетті түрде сонда барамын", - деді Қазақстанның бірінші президенті.

 

Жаңалықтар
0