Оқиға

Нұр-Сұлтан қаласында үш автобус соқтығысты: қаза тапқандар бар - видео

© Sputnik / Владислав ВодневЖол апаты, архивтегі сурет
Жол апаты, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол апаты салдарынан қоғамдық көліктің жүргізушісі мен бір жолаушысы қаза тапқан

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз - Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында үш автобустың қатысуымен ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция хабарлағандай, 26 наурыз күні Ұлы Дала көшесі мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысында қала маңына қатынайтын №303 автобус пен №12 бағдарлы автобус соқтығысқан. Кейін оларға №53 қоғамдық көлік пен жедел жәрдем көлігі соғылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от bbqnews_kz (@bbqnews_kz)

"Жол апаты салдарынан №303 автобустың жүргізуішісі мен бір жолаушысы қаза тапты", - деп мәлімет берді полиция департаменті.

Қазір полицейлер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр, көлік апатының мән-жайы анықталуда.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от TANIRBERGEN (@tanirbergen)

Әлеуметтік желіде жол апаты болған сәтте түсірілген жантүршігерлік видео жарияланды.

Елордада болған жантүршігерлік жол апаты орнына қала әкімі Бақыт Сұлтанов та барды.

© Photo : предоставлено пресс-службой акиматаНұр-Сұлтан әкімі Бақыт Сұлтанов Ұлы дала көшесі мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысында болған ірі жол апаты орнында
Нұр-Сұлтан қаласында үш автобус соқтығысты: қаза тапқандар бар - видео - Sputnik Қазақстан
Нұр-Сұлтан әкімі Бақыт Сұлтанов Ұлы дала көшесі мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысында болған ірі жол апаты орнында

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Эльвира Жургенбаева Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жол апатының қалай болғанын жазды.

Оның айтуынша, оқиға 26 наурыз күні таңғы сағат 9.40 шамасында болған, салдарынан 25 адам зардап шегіпті.

"Ұлы дала көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының қиылында 3 автобус пен жеңіл көлік соқтығысты. Қала сыртына қатынайтын №303 автобусы №12 бағдарлы автобуспен соқтығысқан. Содан соң №53 автобус пен жедел-жәрдем көлігі апатқа ұшыраған. Жол апатының қалай болғаны анықталып жатыр. Бастапқы мәлімет бойынша зардап шеккендер бар. Оқиғаның мән-жайы анықталған бойда, қосымша хабарлаймыз", - дейді ол.

Жаңалықтар
0