АЛМАТЫ, 26 наурыз — Sputnik. Алматыда жаңа Саин көшесінде жантүршігерлік жол апаты болды.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Hyundai Accent Саин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Индустриялық аймаққа қарай бұрылмақ болады.

Саин көшесінде екі көлік соқтығысты
© Sputnik
Дәл сол уақытта осы көше бойымен Toyota Land Cruiser Prado оңтүстік бағытта келе жатады. Жол талғамайтын авто Hyundai көлігіне бір-ақ соғылады да, қатты соққыдан жеңіл көлік бір шетке ұшып кетіп, арыққа түседі.
Жол апаты салдарынан екі жүргізуші әртүрлі жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Жол апатынан бойжеткен мен кішкентай бала қаза тапты
© Sputnik
Hyundai жолаушылары – бойжеткен мен 2016 жылы туған сәби жедел жәрдем келгенше қаза тапты.
Жол апаты орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
