Оқиға

Омбыда қазақстандық студент көлік астына түсті

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуӘйел жолдан өтіп барады
Әйел жолдан өтіп барады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір ауруханада жатқан 19 жастағы қыздың жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз - Sputnik. Омбы қаласында 19 жастағы қазақстандық студентті көлік қағып кетті. Ол бағдаршам жасыл жанған кезде жолдан өтіп бара жатқан.

Қыз - Sputnik Қазақстан
Қытайда тағы бір қазақстандық студент қыз ұсталды

Жол апаты 23 наурыз күні таңертең 10:00 кезінде Красный Путь көшесіндегі "Городок Водников" аялдамасының маңында болды. Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, Toyota Starlet көлігі қатты жылдамдықпен келе жатқан, деп хабарлайды жергілікті басылым.

"Қатты келіп соққаны сонша, көліктің алдыңғы терезесі сынған. Жедел жәрдем жақын маңда болғандықтан, зардап шеккен қыз аман қалып, №1 қалалықауруханаға жеткізілді. Бұл оқиға видеотіркегішіне жазылып қалған жүргізушілердің хабарласуын сұраймыз. Мен оқиға куәгерімін", -деп жазады қала тұрғыдарының бірі.

Куәгердің айтуынша, оқиға орнына құқық қорғау органдары жарты сағатта жеткен. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Жаңалықтар
0