Видео

Димаштың Мәскеудегі концерті: көрермендер әртісті жібергісі келмеді – видео

Жазылу
Димаш Құдайбергеннің Мәскеудегі концерті аншлагпен өтті. Залда Қазақстанның туын ұстап отырғандар болды   

Әртіс өнер көрсетіп болған соң көрермендердің алдына шықты, көптеген адам оның қолын қысып, құшақтауға тырысып бақты, жан-жақтан гүл ұстаған адамдар қаумалады.  

"Достар, сіздерге ұнады ма? Мен әлемдегі ең бақытты әртіспін, себебі сіздер барсыздар. Көп рахмет, қайта кездескенше. Сіздерді жақсы көремін! Қазақстанға келіңіздер", – деді Димаш Кремльдегі тұңғыш жеке концертіне келген көрермендерге.

Жиналғандар кетуге асықпай, әртіске гүл шоқтарын беріп, қол шапалақтап қошемет көрсетті.  

Кремль сарайының сахнасындағы концерт композитор Игорь Крутойдың қолдауымен өтті. Димаштың Мәскеудегі екінші концерті бүгін, 23 наурыз күні өтеді.

Димаштың Arnau деп аталатын Астанадағы жеке концерті 29 маусымда "Астана-Арена" стадионында өтеді.

Жаңалықтар
0