Мәдениет

Данэлия Төлешова: Димашпен бірге ән айтуды армандаймын

© Photo : Игорь ПантинДанэлия Төлешова
Данэлия Төлешова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәскеудегі Кремль сарайында халықаралық Bravo музыкалық жүлдесінің марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты жиында "үздік әнші" номинациясында Полина Гагарина жеңіске жетті. Алайда ресейлік эстрада жұлдызы шараға қатыса алмағандықтан, оның орнына қазақстандық талантты жас әнші Данэлия Төлешова өнер көрсетіп, A Million Voices әнін орындады

Салтанатты жиын басталар алдында Sputnik тілшісі Данэлия Төлешованы әңгімеге тартты.

Алдымен әнші Мәскеудің ауа райына үйреніп жатқанын айтты.

"Басым ауырып тұр. Ауа райының өзгеруіне байланысты шығар. Себебі, Алматыда күн ыстық. Ал мұнда ауа райы салқындау. Соған қарамастан маған Мәскеу қаласы ұнайды. Шаһарды толық аралап үлгермедім. Тек қызыл алаңда болдым. Алған әсерімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын", - деді Данэлия Төлешова.

© Photo : Игорь ПантинДанэлия Төлешова
Данэлия Төлешова: Димашпен бірге ән айтуды армандаймын - Sputnik Қазақстан
Данэлия Төлешова

Сонымен қатар ол Ресейде әлі танымал емес екенін атап өтті.

"Мені Астана мен Алматы қалаларындағы сауда орталықтарында адамдар жиі таниды. Әзірше, Мәскеуде танымал емеспін. Бірақ, мен жұмыс істеуге әзірмін. Мәскеуде өз көрермендерімнің болғанын қалаймын", - деді әнші.

Әңгіме барысында Данэлия Төлешова 2018 жылы алдына қойған мақсаттарына жеткенін айтты.

"Бір жылдың ішінде көптеген өзгеріс болды. Көп дүниені түсіндім. Вокал жағынан тәжірибе жинап, музыкалық қабілетімді шыңдадым. Сондай-ақ психологиялық және моральдық тұрғыдан да есейдім. Дүниеге ересек адамның көзқарасымен қарайтын болдым", - дейді ол.

Сондай-ақ Төлешова сахнаға шығар алдында қобалжитынын жасырған жоқ.

"Анам қобалжитынымды біледі. Менің ойымша, әрбір әртіс сахнаға шығар алдынды қобалжиды. Бұл – қалыпты құбылыс. Мен ішімнен "барлығы жақсы өтсе екен" деп тілеймін. Сахнаға шығып, ән айтқанда барлығын ұмытамын. Маған әндер көмектеседі", - дейді әнші.

© Sputnik / Екатерина Чеснокова / Медиабанкке өтуДанэлия Төлешова BraVo музыкалық сыйлығын табыстау рәсімі кезінде
Данэлия Төлешова: Димашпен бірге ән айтуды армандаймын - Sputnik Қазақстан
Данэлия Төлешова BraVo музыкалық сыйлығын табыстау рәсімі кезінде

Сұқбат барысында әншіден "Димаш Құдайбергенмен бірігіп, ән айту жоспарыңда ма?" деп сұрақ қойдық.

"Әрине, Димашпен бірігіп ән айтқым келеді. Себебі, ол дарынды да талантты әртіс. Димаштың дауысын естіген сайын оның талантына бас иемін. Менің асқақ армандарымның бірі - Димашпен бірге ән айту. Болашақта екеуміз ән айтамыз деген үміттемін", - деп түйіндеді сөзін Данэлия Төлешова.

BraVo сыйлығының ресми ақпараттық агенттігі - "Россия сегодня", ал Sputnik - халықаралық ақпараттық серіктесі.

Жаңалықтар
0