АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан, Армения басшыларымен және Грузия премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтағаны үшін Эмомали Рахмонға ризашылық айтып, Қазақстан мен Тәжікстанның өзара ықпалдастығы одан әрі қарқынды дами түсетініне сенім білдірді.
Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады.
Тағы оқыңыз: Астана Нұр-Сұлтан деп өзгереді: министрлік көпті мазалаған мәселеге нүкте қойды
Армения басшысы Армен Саркисян да Тоқаевты президент лауазымына кірісуімен құттықтап, жауапты қызметіне табыс тіледі.
Тараптар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Армения арасындағы қарым-қатынастарды қалыптастырудағы айрықша рөлін атап өтті.
Телефон арқылы сөйлесуге Тәжікстан мен Армения жағы бастамашы болды.
Сонымен қатар, мемлекет басшысын Грузияның мремьер-министрі Мамука Бахтадзе де құттықтады.
Тағы оқыңыз: Әлемдік көшбасшылар Тоқаев туралы не ойлайды?
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Грузия арасындағы қарым-қатынастар екі ел халқының игілігі үшін одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
Телефон арқылы сөйлесуге Грузия жағы бастамашы болды.