Қоғам

"Бас иеміз" Дариға Назарбаева қаза болған полицейдің отбасына көңіл айтты

© Sputnik / Болат ШайхиновДариға Назарбаева
Дариға Назарбаева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шалқар Ақымғалиев кеше түнде суға батқан әйелді құтқарамын деп көз жұмған еді

АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Сенат төрайымы Дариға Назарбаева Атырауда суға батып бара жатқан әйелді құтқарамын деп қаза болған жас полицейдің жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау жұртшылығы ерлікпен қаза тапқан полицейді еске алды - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Атырау жұртшылығы ерлікпен қаза тапқан жас полицейді еске алды
Дариға Назарбаева Атырау облысы Махамбет ауданы Береке ауылында тұратын Ақымғалиевтер отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Ұлдарыңыз, патрульдік полиция қызметкері Шалқар Ақымғалиев басқа адамды құтқару үшін өз өмірін қиып, нағыз ерлік көрсетті. Бұл Қазақстан үшін ауыр қайғы. Ұлдарыңыздың ерлігі барша қазақстандыққа, әсіресе өскелең ұрпаққа үлгі. Нағыз батырды тәрбиелегендеріңіз үшін сіздерге бас иеміз", - делінген жеделхатта.

Еске сала кетсек, 21 наурыз кешкі сағат 21:52-де Атырауда патрульдік полиция сержанты Шалқар Ақымғалиев суға батып бара жатқан әйелді құтқару үшін мұздай суға секірген. Алайда, 24 жастағы полицей Жайықтың қатты ағысына төтеп бере алмай, суға кетті.

Тағы оқыңыз: Астанада көпқабатты үйден шыққан өрттен 25 адам құтқарылды - фото

Көпірден секірген әйелді марқұмның әріптесі Рүстембек Сүндетов құтқарды.

Бүгін облыс тұрғындары Жайық өзенінің жағасына жиналып, ерлікпен қаза тапқан полицейді еске алды. Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев марқұмның отбасына көңіл айтты.

Жаңалықтар
0