Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның президенті қызметіне 2019 жылдың 20 наурызында келді. Жаңа мемлекет басшысы бірінші шешімімен Назарбаевқа Қазақстанның дамуына қосқан үлесі үшін "Алтын Жұлдыз" ерекше төсбелгісін табыстап, Халық Қаһарманы атағын берді.
Сонымен бірге, Тоқаев Астана атауын Нұрсұлтан деп өзгертуді ұсынды. Кейінірек парламент депутаттары бірлескен отырыста бұл ұсынысты бірауыздан мақұлдады. Астана әкімдігінде өткен мәслихаттың 46-шы сессиясында да депутаттар бұл шешімге қолдау білдірген. Енді президент жарлығы шыққаннан соң Қазақстанның елордасы Нұрсұлтан деп аталатын болады.