Елорда тынысы

Нұрсұлтандықтар құжаттарын қашаннан бастап ауыстыратыны белгілі болды

© Sputnik / Владислав ВодневЖеке куәліктер
Жеке куәліктер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әділет министрі Бекетаев Астана атауын өзгерту туралы ұсыныс республикалық референдумға неге шығарылмағанын түсіндірді

АСТАНА, 20 наурыз — Sputnik. Әділет министрі Марат Бекетаев Астана атауын өзгерту туралы шешім неге референдумсыз қабылданғанын түсіндіріп, құжаттар мен маңдайша жазбалардың қашан ауысатыны туралы айтты.

"Референдумға шығаруды ұсындық"

Бекетаевтың сөзіне сүйенсек, Қазақстан Конституциясының 91-бабына сәйкес, елдің Ата заңына өзгертулер мен толықтырулар республикалық референдум арқылы енгізіледі. Ал референдум президенттің өз шешімімен немесе парламент пен үкіметтің ұсынысы бойынша жүргізіледі.

Астана бейнесі - Sputnik Қазақстан
Елорда тынысы
Астананы Нұрсұлтан деп өзгертуге қанша ақша жұмсалады?

Бірақ Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы, президент парламенттің қарауына жіберуге шешім қабылдаса, республикалық референдумға жіберілмеуі мүмкін.

Назарбаев Астана атауын өзгерту туралы не дейді?

"Шындығында, 48-бап президенттің Конституцияға өзгерту енгізуге бастамашы болу құқығын шектейді, себебі ол сайланған президент емес, уақытша міндетін атқарушы. Бұл оның құқығын шектейді. Бірақ Конституция бұзылған жоқ, себебі бастаманы 91-ші бапқа сәйкес үкімет көтеріп отыр. Біз заң жобасын референдумда қарау туралы қаулыға дауыс бердік. Президент келіспеді де, заң жобасын парламентке жіберді. Себебі бұл заң жобасын референдумда да, парламентте де Конституцияда бекітілген нормаларды сақтай отырып қарауға болады", - деп атап өтті министр.

Астана қашан Нұрсұлтан болады?

Тілшілердің Астана бүгіннен бастап Нұрсұлтан болып өзгере ме деген сұрағына министр былай деп жауап берді: "Иә, бүгіннен бастап".

Нұрсұлтан тұрғындары қашан құжаттарын ауыстырады?

Әділет министрі мәлімдегендей, тұрғындар құжаттарын жарамдылық мерзімі біткеннен кейін ауыстыратын болады. Ал мекенжайлары автоматты түрде өзгереді.

Бекетаевтың сөзіне сүйенсек, көшедегі сілтемелер мен маңдайшалар өз уақытымен біртіндеп айырбасталады.

"Тарихта көптеген қаланың атауы өзгерді, бір түнде барлық атау мен маңдайшаны ауыстырып жібереміз деуге келмейді. Біртіндеп бәрі өзгеретін болады", - деп түсіндірді ол.

Жаңалықтар
0