Астана қаласы әкімдігінің ресми мәліметіне сәйкес, ұлыстың ұлы күніне орай қала көшелерін безендіруге аудан әкімдіктері жауапты. Бас шаһарда төрт әкімдік бар: Есіл, Алматы, Сарыарқа және жаңадан құрылған Байқоңыр ауданы.
Тағы оқыңыз: Наурыз дастарқаны қандай болу керек
Біз алдымен қалалық әкімдіктің Наурыз мейрамы аясында өткізетін іс-шаралар кестесімен таныстық. Кейін ірі мерекелік шаралар ұйымдастырылатын жерлерге барып қайттық. Қаланың оң жағалауында көктем мейрамына дайындық жұмыстарының баяу жүріп жатқаны байқалады.
Толығырақ Sputnik Қазақстан фотолентасынан тамашалаңыз.

1/20
© Sputnik / Владислав Воднев
Астана қаласының әкімдігі. Жұмысшылар жанталасып киіз үй құрып жатыр.

2/20
© Sputnik / Владислав Воднев
Дайындық барысы әзірге осындай.

3/20
© Sputnik / Владислав Воднев
Бүршік жарған мына ағаштан көктемнің лебі есетіндей.

4/20
Арнайы барып, жақыннан суретке түсірдік

5/20
© Sputnik / Владислав Воднев
Республика даңғылы. Маңызды көшелердің бірі. Алайда үйреншікті көрініс, мерекелік безендіруді аңғара алмайсыз.

6/20
© Sputnik / Владислав Воднев
Дәл сол Республика даңғылы. Жұмысшылар жаяу жүргінші жолының маңайын тазартып жүр.

7/20
© Sputnik / Владислав Воднев
Тұңғыш президент музейінің алды. Мұнда келсеңіз, көктемнің жылы шуағын сезініп, көңіл күйіңізді көтеріп қайтасыз.

8/20
© Sputnik / Владислав Воднев
Саябақта таза ауамен дем алып отырған ата мен әже. Астанада жасанды пальманы көріп, біраз таңғалған сияқты.

9/20
© Sputnik / Владислав Воднев
Қаржы министрлігінің бұрынғы ғимараты. Пішіні АҚШ валютасына ұқсағандықтан, жұрт оны "доллар" деп атап кеткен. Мұнда бүршік жарған гүлдің инсталляциясы қойылыпты. Оны көріп, дүниемен бірге өзіңіз де жаңара түскендей әсерде боласыз.

10/20
© Sputnik / Владислав Воднев
Қыс ызғары қайтып, қардың ери бастаған сәті

11/20
© Sputnik / Владислав Воднев
Астананың сол жағалауы. Шаһардың басты көшелерінің бірі – Мәңгілік ел даңғылы. Мұнда да Наурыз мерекесіне орай безендіру жұмыстары жүргізілмегенін аңғаруға болады.

12/20
© Sputnik / Владислав Воднев
Мәңгілік ел даңғылындағы бәйшешектер. Жақын жерде көктем мерекесіне арналған өзге безендіру байқамадық.

13/20
© Sputnik / Владислав Воднев
Қазақстанның басты алаңы – "Қазақ елі". Мұнда ұлыстың ұлы күніне дайындық жұмыстары қыза түскен.

14/20
© Sputnik / Владислав Воднев
"Қазақ елі" алаңына бірнеше киіз үй тігіп қойған.

15/20
© Sputnik / Владислав Воднев
"Әзірет сұлтан" мешіті.

16/20
© Sputnik / Владислав Воднев
ЭКСПО халықаралық көрмесінің аумағы. Мереке өтетін басқа жерлермен салыстырғанда, дайындық қарқыны қызу. Наурыз мейрамында бұл жерде өтетін шараларға президент қатысуы мүмкін деген болжамымыз бар.

17/20
© Sputnik / Владислав Воднев
Бұл алаңда бүтін бір ауыл пайда болғандай. 22-23 киіз үй тігіп қойыпты.

18/20
© Sputnik / Владислав Воднев
Ал жігіттер болса, жанталаса жұмыс істеп жатыр.

19/20
© Sputnik / Владислав Воднев
"HighVill" тұрғын үй кешені орналасқан – Байтұрсынов көшесі. Ол мерекелік жалаулармен безендірілген. Мұндайды қаланың басқа көшелерінен көре алмадық.

20/20
© Sputnik / Владислав Воднев
Тәуелсіздік даңғылы. Наурыз құтты болсын, ағайын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
