Әлем

Әйел бар шындықты біліп, сүйіктісінен құтылудың ерекше әдісін ойлап тапты 

© Sputnik / Табылды КадырбековДевушка закрывает лицо руками, архивное фото
Девушка закрывает лицо руками, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицейлер қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін Юді он тәулікке қамап тастады

АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Қытайда 37 жастағы әйел сүйіктісінің үйіне барып, оның шын мәнінде өте кедей екенін біледі. Осыдан соң пайдакүнем әйел бірден жігітімен қарым-қатынасын үзгісі келген.

Алайда ол Лин қыр соңымнан қалмай қояды деп қорқып, одан құтылудың ерекше әдісін ойлап табады. Ол өз "өлімін" қолдан ұйымдастырған, деп жазды Daily Mail басылымы.  

Әйелдің архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Әлем
Тойға шақырылған қонақтардан ақша талап еткен қалыңдық күйеусіз қалды
Әйел сүйіктісімен бірге тұрып жатқан жатақханадан жоғалып кеткен. Кейін оған хабарласып, бұрынғы күйеуі алып қашып кеткенін айтады.

"Құтқаршы мені! Бұрынғы күйеуім ұрлап кетті, тез жет! Біз тас жолға шықтық", - деп хабар берген.

Осыдан кейін Линге бұрынғы күйеуінің телефонынан қорқынышты sms-тер жолдайды.

"Егер сен полицияға хабар берсең, сүйіктің өледі", - делінген хабарламалардың бірінде. Ал енді бірінде Ю өліп қалғанын, оның денесін көлге лақтырып жібергенін жазған.

Бойын үрей билеген жігіт болған оқиғаны полицияға жеткізген. Тәртіп сақшылары қу әйелді қаладағы мотельдердің біріндегі бейне бақылау камералары арқылы тапқан. Ол аман-сау болған, бір қызығы, өзін байсалды ұстаған.

Полицейлер 37 жастағы әйелді қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 10 тәулікке қамап тастады.

Жаңалықтар
0