АСТАНА, 19 наурыз — Sputnik. Роскосмос президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкасынан кейін қолданыстағы және болашаққа арналған ғарыш жобаларына қатысты ынтымақтастықты жалғастырады, деп хабарлады РИА Новости "Роскосмостың" ресми өкілі Владимир Устименкоға сілтеме жасап.
Қазіргі таңда Ресей Қазақстаннан Байқоңыр қаласы мен ғарыш айлағын жалға алып отыр. Жалға алынған жердің жалпы аумағы 6717 шаршы километрді құрайды.
Елдер Байқоңырда "Бәйтерек" кешенін бірлесіп құрып жатыр.
Байқоңыр – әлемде алғаш рет Жердің жасанды спутнигі мен ғаламшардың алғашқы ғарышкері Юрий Гагарин ұшқан ғарыш айлағы. КСРО ыдырағаннан кейін ғарыш айлағы Қазақстанның меншігіне өтті.
1994 жылы ғарыш айлағын жалға беру туралы екі жақты келісімге қол қойылды, 2004 жылы оның қолданылу мерзімі 2050 жылға дейін ұзартылды. Ресей Байқоңырды жалға алғаны үшін жыл сайын 115 миллион доллар төлейді.