Қоғам

Қазақстанда 2%-тік ипотека алу үшін отбасының табысы қанша болуы керек?

© Sputnik / Нина Зотина / Медиабанкке өтуҮй
Үй - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тұрмысы төмен отбасыларға арналған ипотекалық қарыз мөлшері - 6 миллионнан 15 миллион теңгеге дейін

АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Тұрмысы төмен отбасыларға арналған 2 проценттік ипотеканы алу үшін отбасының табысы 56-104 мың теңге аралығында болуы керек. Бұл туралы бүгін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Новоселье, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"7-20-25": ипотека алғандар айына қанша төлеп жатқаны белгілі болды

Жайымбетов көпбалалы тұрмысы төмен отбасыларға 2 проценттік жеңілдетілген ипотека берілетінін атап өтті. Бұл мақсатқа әр жыл сайын 50 миллиард теңгеден қарастырылып отыр.

"Мәселен, егер 6 миллион теңге кредит алатын болса, онда отбасының табысы 56 850 теңге болуы керек. Бастапқы сегіз жылда 31 600 теңгеден төлесе, қалған 11 жыл бойы 18 мың теңгеден төлейді. Ал Астана, Алматы қалаларында тұратын азаматтар кем дегенде 15 миллион теңге алады деп ойлап отырмыз. Ол үшін отбасының табысы 104 мың теңге болуы тиіс. Сол кезде бастапқы сегіз жылда 79 мың теңгеден, одан кейінгі он бір жылда 57 мың теңге төлейтін болады", - деді Жайымбетов сенатта өткен үкімет сағатында.

Ол тұрмысы төмен отбасыларға бастапқы жарнаны төлеуге әкімдіктер көмектесетінін атап өтті.

"Бастапқы жарнаны кім төлейді деген сұрақтар жиі қойылады. Өздеріңіз білесіздер, көпбалалы отбасылар табысы аз болғаннан кейін, бір миллион, не болмаса 800, 600 мың теңге таба алмайды. Сондықтан біз заңға тұрғын үй сертификатын беру туралы өзгеріс енгізіп жатырмыз. Сертификатты әкімдіктер беретін болады", - деді комитет төрағасы.

Бұған қоса, оның айтуынша, бұл мәселені шешу үшін ірі кәсіпкерлерді тарту жоспарланып отыр.

Жаңалықтар
0