АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысының жарлығымен Ғизат Нұрдәулетов Қазақстанның бас прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Ол бұл қызметті 2017 жылдың 11 желтоқсанынан бері атқарып келген Қайрат Қожамжаровты ауыстырды.
"Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасының бас прокуроры болып тағайындалсын", - деп жазылған жарлықта.
Ғизат Нұрдәулетов 2017 жылдың шілде айынан бастап бас прокурордың бірінші орынбасары қызметін атқарды.
1964 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақастек ауылында туған.
Мемлекеттік тергеу комитеті органдарында (1996-1997), Ұлттық қауіпсіздік комитетінде (1997-2007) жұмыс істеген.
Алматы облысы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментін басқарған (2007-07.2017). Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры (06.05.2013 жылдан бастап).