Оқиға

Павлодар тұрғыны көшеде кезіккен балаларды аяусыз соққыға жықты

© Sputnik / Табылды КадырбековЖұдырық
Жұдырық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицейлер 32 жастағы күдіктіні ұстады

ПАВЛОДАР, 18 наурыз – Sputnik. Павлодар тұрғыны көшеде жүрген балаларды ешбір себепсіз соққыға жыққан. Зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар жарақат алып, миы шайқалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

төбелес - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Балаларды ұрып-соқты: Ішкі істер министрлігі шұғыл түрде комиссия отырысын өткізбек

Құқық қорғау органдары оқиғаның 16 наурыз күні сағат 23.00–де болғанын мәлімдеді. Минин көшесіндегі үйдің маңында белгісіз ер адам тоғыз және он жастағы ер балаларға жәбір көрсеткен. Бұл жайтты полиция тіркеді.  

Тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді. Ол 32 жастағы Павлодар тұрғыны болып шықты.

Полицияның баспасөз қызметі атап өткендей, бұл жағдай бойынша Қылмыстық кодекстің 293-ші бабына ("Бұзақылық") сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның себептері анықталады.

Балалардың халі қалай

Зардап шеккендер Облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

бала - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Жаңаөзенде баласын балконға шығарып ұрған келіншек өз әрекетін түсіндірді

Облыстың денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиеваның айтуынша, балаларға бірдей диагноз қойылыпты: бас сүйек-ми жарақатын алған, беті-аузына зақым келген, кеуде қуысы мен мойыны көгерген. 

"Зардап шеккендердің халі орташа ауыр болатын. Қазір жағдайлары бір қалыпты, тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

Сондай-ақ, Темірғалиева балаларды соққыға алған адамның мас болғанын атап өтті.

Жаңалықтар
0