Қоғам

"Нұр Отан" халықтың өзекті мәселелерін шешетін жаңа жобаны іске қосты

© Sputnik / Болат ШайхиновМаулен Ашимбаев
Маулен Ашимбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәулен Әшімбаев "Халыққа көмек" жобасының іске қосылғанын жариялады

АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев халықтың өзекті әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған "Халыққа көмек" партиялық жобасы ресми түрде іске қосылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Әшімбаевтың айтуынша, жоба Елбасының тапсырмасымен іске қосылған.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев: әлеуметтік көмек 1 сәуірден бастап төленуі тиіс
"Нұр Отанның" XVIII съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "халыққа көмек" жобасын жүзеге асыруды партияға тапсырды. Сондықтан біз барлық дайындық жұмысын аяқтап, бүгін осы жобаның басталғанын жариялаймыз. Яғни бүгін еліміздің барлық өңірінде ресми түрде жоба іске қосылды", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

"Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары "Халыққа көмек" жобасының негізгі мақсаты қазақстандықтардың өзекті мәселелерін шешу екенін атап өтті.

"Ол үшін партиямыздың барлық филиалындағы қоғамдық бақылау бөлмелерінде бірыңғай әлеуметтік терезелер ашылды. Осы терезелер арқылы халықты алаңдатып жүрген мәселелерді, азаматтарды толғандырып жүрген сұрақтарды жинап, оның барлығын қарастырамыз. Осылайша, мемлекеттік органдар, бизнес өкілдері мен мемлекеттік емес ұйымдармен аталған мәселелерді шешу мақсатында жұмыс істейміз", - деді Мәулен Әшімбаев.

Оның айтуынша, азаматтар өтініштерін сайт, электронды пошта, Call Center сияқты дәстүрлі түрлерімен және әлеуметтік желілердегі парақшалар, WhatsApp мессенджері, әкімдіктердің цифрлы қызметі (iKomek, Open Almaty және т.б.) және электронды үкімет порталы арқылы жібере алады.

"Біз барлық өтінішті мұқият қараймыз", - деп түйіндеді сөзін "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары.

Жаңалықтар
0