Дерекқор

Александр Островский атындағы Орал облыстық драма театры

© Photo : предоставлено пресс-службой театраАлександр Островский атындағы Орал облыстық драма театры
Александр Островский атындағы Орал облыстық драма театры - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Театр Қазақстанның ертеден келе жатқан өнер ордаларының бірі

Театрды кім және қалай құрды

Александр Островский атындағы театр 1859 жылы атаман Аркадий Столыпиннің бастамасымен ашылды. 1859 жылдың қыркүйек айында театрдың ашылу салтанатында алғаш рет Александр Островскийдің "Кедейлік кедергі емес" атты спектаклін қойды. Труппаға әуесқой өнерпаздардан бөлек, Оренбург пен Саратов қаласынан кәсіби әртістер шақырылды. Осы маусымда Островскийдің "Кеш келген махаббат" атты тағы бір туындысы сахналанды.

САНТ театрының шығармашылық ұжымы - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
САНТ театры: тарихы мен қызықты деректер
Театр қойылымдары алғашқы күннен-ақ тұрғындардың көңілінен шыға бастады. Алғашқы жылдары театрдың көрермен көзайымына айналған спектакльдері бір аптада екі-үш реттен қойыла бастады. Кейбір спектакль симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен қойылды.

ХІХ ғасырдың 60-жылдары "Кетти мен Бетти" атты оперетта көрерменге жол тартты. Орал театрының алғашқы қадамдары туралы Александр Островский жақсы білді. Танымал оралдық жазушы Иосиф Железнов ұлы драматургпен етене таныс болды. Ол драматургты қаланың мәдени өмірімен таныстырды. Иосиф Железновтың қайғылы қазасынан кейін Александр Островский ол туралы мақала жазуды жөн көрді.

Тағы оқыңыз: Ақмола облыстық драма театры туралы қызықты деректер

Театр кәсіби деңгейге араға жиырма жыл салып барып көтерілді. Труппа Мәскеудегі театр бюросы арқылы толығып отырды. Театр репертуары Лев Толстой, Михаил Лермонтов, Антон Чехов, Николай Гоголь, Уильям Шекспир, Фридрих Шиллер, Генрик Ибсен, Герхарт Гауптман сынды авторлардың туындыларынан құралған.

Жүсіпбек Аймауытов атындағы музыкалық драма театр - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театры
Әртүрлі жылы Оралға драма және музыка театрларының ұжымы гастрольдік сапармен келетін. Сондай-ақ, театрда қандай спектакльдің қойылатыны арнайы сауалнама қағазы арқылы анықталатын. Яғни сауалнама қағазы театр қабырғасына ілініп, кейін көрермен қауым қандай қойылым көргісі келетінін сол жерге жазып жүрді.

Театрдың кәсіби деңгейге көтерілуіне Александр Островский тікелей әсер етті. Себебі ХІХ ғасырда театр сахнасында тек оның шығармалары көрермен қауымға жол тартатын. Мысалы, 1899 жылы оралдықтар бір маусымда оның жеті пьесасын тамашалады.

Театр репертуарындағы қойылымдар

Орал театрына жүз жыл толуына орай оған орыс драматургі Александр Островскийдің есімі берілді.

Тағы оқыңыз: "Еркем-ай" балалар театры туралы қызықты деректер

К.Станиславский атындағы Қарағанды мемлекеттік орыс драма театры - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
Станиславский атындағы Қарағанды облыстық орыс драма театры
Соғыс жылдары екінші – жаздық театр ашу қажеттілігі туды. 1914 жылдың мамыр айында Пушкин жаздық театрының ашылу салтанаты өтті. Қиын-қыстау кезеңдерге қарамастан, театр жұмысын жалғастырып отырды.

1923 жылы Оралда тұрақты труппа құрылып, "Полкшының ұлы", "Теңіздегілер үшін!", "Платон Кречет", "Волгадағы қамал", "Нева жағасында", "Қару ұстаған адам", "Кремль куранттары", "Отбасы" және "80 күн" сынды қойылымдар көрермен назарына ұсынылды. 1929 жылы театр ғимараты қиратылып, ұжым Александр Невскийдің шіркеуіне көшті.

Өнер ордасы жаңа ғимаратқа қашан көшті

1933 жылдың 31 желтоқсанында театрдың жаңа маусымы Александр Островскийдің "Кінәсіз кінәлілер" атты қойылыммен ашылды. Бірақ уақыттан кейін Александр шіркеуі өртеніп, труппа тағы да ғимаратсыз қалды. Театрдың қазіргі ғимараты 1940 жылы тұрғызылды.

Тағы оқыңыз: Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры

Режиссер Ян Панджариди театрға 1971 жылы келді. Өзі 200 рөл сомдап, қазақ және шетел драматургтерінің шығармаларын көрермен қауымға ұсынды. Бүгінгі таңда театр директоры – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Юрий Зеленцов.

Жаңалықтар
0