Спорт

Канададағы бокс кешінде рингке шыққан Сабыров пен Жүкембаев айшықты жеңіске жетті

© Photo : Kokeshi75Былғары қолғап
Былғары қолғап - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қос қазақ боксшысы Канадада өткен кәсіпқой бокс кеші аясында рингке шығып, қарсыластарын ұтты

АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Канаданың Монреаль қаласындағы Montreal Casino кешенінде өткен бокс кешінде 25 жастағы қазақ боксшысы Нұрзат Сабыров қатысты, деп хабарлайды Sports.kz.

Данияр Елеусінов - Sputnik Қазақстан
Спорт
Данияр Елеусінов 37 жеңісі бар мексикалықты жеңді – видео

Супер орташа салмақ дәрежесінде жұдырықтасып жүрген Сабыровтың кездесуі сегіз раундтан тұруы тиіс болатын. Ол 32 жастағы аргентиналық боксшы Сесар Эрнан Рейносоға қарсы жекпе-жекке шықты. Судья жетінші раундта боксшыларды тоқтатып, Сабыров жеңіске жетті: алтыншы раундта Нұрзат қарсыласын нокдаунға түсіріп, аргентиналықтың басы қанап кеткен болатын.

Қазақ боксшысы үшін бұл - тоғызыншы жеңісі, сегізінші нокауты. Рейносо карьерасында он екінші рет ұтылды.

Осы бокс кешінде тағы бір отандасымыз Батыр Жүкембаев та жұдырықтасқан болатын. Тоғыз раундтық кездесудегі қарсыласы мексикалық Хильберто Меса болды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша қазақ боксшысы төрешілердің бір ауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.

Сонымен, бұл – Батырдың кәсіби рингтегі он бесінші жеңісі, ал қарсыласы алтыншы рет жеңіліс тапты.

Жаңалықтар
0